5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +10°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын түсіндіру және ондағы негізгі міндеттерді насихаттау мақсатында Отырар ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауыл ақсақалдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, белсенді азаматтар мен жастар қатысты.

Кездесуді аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде Жолдауда көрсетілген басымдықтардың ел дамуы үшін стратегиялық маңызын атап өтіп, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

Алғаш болып аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов сөз сөйлеп, Жолдауда айқындалған бағыттарды жүзеге асыруға арналған жоспарлар мен ауданда қолға алынған іс-шаралар туралы жан-жақты баяндады.

Ауданның құрметті азаматы, білім саласының ардагері Мария Белгібаева Жолдаудың әлеуметтік салаға, әсіресе білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған бастамаларын түсіндіріп, олардың маңызын атап өтті.

Жастар атынан сөз алған Әбдікерім Дінмұхаммед Жолдаудың жастарға жүктейтін жауапкершілігі мен қоғамдағы рөлін айшықтап, өз көзқарасын білдірді. Сонымен қатар Темір ауылының тұрғыны Бегімше Ибрагимов пен шәуілдірлік ақын Дәурен Ақсақалов ел дамуына қатысты ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу барысында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Жолдауда көрсетілген негізгі басымдықтардың мән-маңызына тоқталып, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін түсіндірді. Сондай-ақ тұрғындар қойған сұрақтарға жауап беріп, айтылған ұсыныстардың назарға алынатынын жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *