Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
saqnews.kzsaqnews.kz
5 декабря, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
4
VIEWS

Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» атты халықаралық симпозиум өтті. ҚР Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараны Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты, Түркістан облысының әкімдігі және университет бірлесіп өткізді.

Симпозиумның негізгі мақсаты – түркі дүниесінің көне құқықтық дәстүрлерін, билер институтының тәжірибесін, дала өркениетіне тән әділет пен ар-ожданға негізделген құқықтық мәдениетті, сондай-ақ Ахмет Ясауи ілімінің қазіргі құқық жүйесіне ықпалын жан-жақты талдау. Жиынға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан жетекші ғалымдар мен құқық саласының сарапшылары қатысты.

Симпозиумның алғашқы күніндегі секциялық отырыстар мазмұнды ғылыми пікірлер мен талқылауларға толы болды. Қатысушылар түркі әлемінің тарихи құқықтық санасы, билер институтының шешендік-дәстүрлік тәжірибесі, дала өркениетінің адамгершілік пен әділетке құрылған құқықтық мәдениеті жөнінде баяндамалар жасап, ғылыми ой алмасты.

Пленарлық отырыста мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдері сөз сөйлеп, түркі өркениетіне тән адамгершілік, әділет, жауапкершілік ұстанымдарының бүгінгі мемлекеттік басқару мен құқықтық тәрбиедегі рөлі талқыланды. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова өз сөзінде құқықтық мәдениеттің рухани негіздерге сүйенгенде ғана қоғамның сенімін арттыра алатынын атап өтті:

«Ұлы Даланың философиясы мен құқықтық мәдениеті ар-намыс, әділдік, үйлесімділік, жауапкершілік және қауымға құрмет ұғымдарын қамтиды. Бұл құндылықтар ұлттық бірегейлікті нығайтып, жауапты азамат қалыптастыруға және әділ, заңға сүйенген мемлекетті дамытуға ықпал етеді», – деді Эльвира Азимова.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің симпозиум қатысушыларына арналған құттықтау хаттарын оқып берді. Сондай-ақ Әзербайжан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Рашид Рзаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Унзила Шапақ, Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Игорь Рогов, Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының президенті Ақтоты Раимқұлова, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надиркулова, Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Кәсіпкер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова, Түркі академиясының вице-президенті профессор Бүлент Байрам, сондай-ақ Қазақстанның құқықтанушылары мен ғалымдары сөз сөйледі.

Симпозиумның соңғы күнінде қатысушылар бірқатар ортақ ғылыми бастамаларды дамыту жөнінде ұсыныстар қабылдады. Атап айтқанда: арнайы ғылыми жинақ шығару, «Түркі дүниесінің құқықтық терминдер сөздігін» әзірлеу және түркі елдері университеттері арасында құқықтық зерттеулер желісін құру жоспарланды. Бұл бастамалар түркі халықтарының ортақ құқықтық мұрасын жүйелеуге және оны қазіргі құқықтық білім мен ғылыми ортаға енгізуге мүмкіндік береді.

Екі күнге созылған халықаралық жиын Ұлы Дала философиясының қазіргі заманғы құқықтық мәдениетті дамытудағы маңызды рөлін айқын көрсетті.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025
Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді
Басты жаңалықтар

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz