Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ӨНЕР МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРГЕН ФЕСТИВАЛЬ ЖӘНЕ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ӨНЕР МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРГЕН ФЕСТИВАЛЬ ЖӘНЕ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
11 ноября, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
2
VIEWS
Түркістан қаласының ерекше мәртебе атануына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды. Салтанатты марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, жеңімпаз және жүлдегер аудан, қала өнер ұжымдарын марапаттады.
          – Биыл Түркістанның облыс орталығы атанғанына жеті жыл. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Бұл – біздің өңірге жүктелген мәртебелі міндет әрі жоғары жауапкершілікті талап ететін бастама болып отыр. Игілікті істердің жүзеге асуына мәдениет мамандарының да қосар үлес зор болмақ. Түркістанның туристтік әлеуетін арттыру, өңірдегі шығармашылық иелеріне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше тарту болды. Алғаш рет ерекше форматта ұйымдастырылған фестивальде аудан, қаладан келген өнер ұжымдары, талантты жастар ұлттық құндылықтарымыз бен заманауи өнердің тамаша үйлесімін көрсете білді. Осы орайда, аталған фестивальге үлес қосып, жоғары деңгейде өнер көрсеткен баршаңызға алғысымды білдіремін. Сонымен қатар ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың жұмысын жандандыру бағытында «Ауыл – мәдениеттің бастауы» байқауын ұйымдастырған болатынбыз. Үшінші рет өткен байқауға 115 ауылдық мәдениет үйі мен клубтары қатысып, үздіктері марапатталып отыр. Біз алдағы уақытта Түркістан өңірінің мәдени дамуына үлесі мол ауқымды жобаларды жоспарлап отырмыз, – деді Ертай Кенжебекұлы.
▪️ «Өнерлі өлке» фестивалінде қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге ие болған Бәйдібек ауданы мен бірінші, екінші және үшінші орынды иеленген аудан-қалалардың өнерпаздарына қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар берілді.
▪️ Фестивальдің мақсаты – ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді дамыту, халық шығармашылығын жаңаша бағытта жандандыру, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру және Түркістанның мәдени-туристік әлеуетін дамыту.
▪️ Шара барысында «Ауыл – мәдениеттің бастауы» ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар арасында өткен облыстық байқау жеңімпаздары да марапатталды. Бас жүлде Төлеби ауданы «Зертас» ауылдық мәдениет үйіне бұйырды. Үздік деп танылған ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарына арнайы жүлделер мен дипломдар табысталды.
▪️ Аталған байқаудың мақсаты – ауылдық мәдениет үйілері мен клубтардың жұмыс сапасын арттыру, халық шығармашылығын дамыту мен атқарып жатқан жұмыстарына қолдау көрсету және олардың іс-тәжірибелерін насихаттау.
▪️ Айта кетсек, өңірде мәдени инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыстар жалғасуда. Биыл 4 мәдениет үйі пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 2 мәдениет нысанның құрылысы аяқталады деп күтіліп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 3 МИЛЛИОННАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Келесі жаңалық

КЕЛЕС АУДАНЫНДА «ТЕГІН КӨШЕТ АЛЫП, ӨЗ АҒАШЫҢДЫ ОТЫРҒЫЗ» АТТЫ КҮЗГІ АҒАШ ЕГУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
КЕЛЕС АУДАНЫНДА «ТЕГІН КӨШЕТ АЛЫП, ӨЗ АҒАШЫҢДЫ ОТЫРҒЫЗ» АТТЫ КҮЗГІ АҒАШ ЕГУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА «ТЕГІН КӨШЕТ АЛЫП, ӨЗ АҒАШЫҢДЫ ОТЫРҒЫЗ» АТТЫ КҮЗГІ АҒАШ ЕГУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz