Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРЫП, ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРЫП, ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ
saqnews.kzsaqnews.kz
5 ноября, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
5
VIEWS
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған облыс делегациясы Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында туризм саласына жауапты басқарма мен мекеме басшылары, туристік фирма жетекшілері, қонақ үй өкілдері және осы салаға қатысты азаматтар бар. Мақсат – Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасында туризмді дамыту бойынша келіссөздер жүргізу, әріптестік орнату және тәжірибе алмасу. Алдымен Нұралхан Көшеров Ташкентте Өзбекстанның Көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесіп, әріптестікті нығайту жолдарын талқылады.
– Өзбекстан біз үшін – бауырлас мемлекет. Біздің елдерді ортақ тарих, рухани құндылықтар мен мәдени мұра байланыстырады. Түркістан облысы туризм мен көлік инфрақұрылымын дамытуды Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттары ретінде қарастырады. Біздің өңірдің туристік әлеуеті жоғары: бірегей табиғи ландшафттар, тарихи ескерткіштер, рухани орталықтар мен туристік орындар Өзбекстаннан және өзге елдерден келген қонақтардың қызығушылығын тудырады. Өңірдің басты нысандарының бірі – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Сонымен қатар облыс аумағында 1 780-нен астам тарих және мәдениет ескерткіші, сондай-ақ, төрт ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан. Түркістан қаласында жылына 3 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсететін халықаралық әуежай жұмыс істейді. Түркістан облысының әкімдігі Түркістан мен Өзбекстанның қалалары арасында жаңа тікелей әуе рейстерін ашуды қолдауға дайын. Соның ішінде Түркістан – Үргеніш – Түркістан бағытын іске қосу мүмкіндігін қарастыруда. Сондай-ақ автокөлік және теміржол қатынасын жақсартуды, туристік бағыттарды дамытуды және туристердің шекарадан ыңғайлы өтуі үшін «жасыл дәліздер» ұйымдастыруды қамтитын бірлескен көлік-логистикалық жобаларды дамытуға да мүдделіміз, – деді Нұралхан Көшеров.
Илхом Махкамов Өзбекстан үшін Қазақстанның маңызы жоғары екенін айта келе, ұсыныстар назарға алынып, әріптестікті нығайту жұмыстары жанданатынын жеткізді.
Сонымен бірге «Uzbekistan Airways», «Silk Avia», «Qanat Sharq» әуе компанияларының басшыларымен де келіссөздер жүргізілді.
Кездесуде Түркістан облысының әкімі екі ел арасында жаңа әуе рейстерін ашу, туристерге арналған көлік бағыттарын үйлестіру, туризм саласында бірыңғай логистикалық кеңістік құру, Қазақстан мен Өзбекстанның туристік бағыттарын ілгерілетуге бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу бастамаларын көтерді. Қос тарап көлік және туризм салаларында байланысты тереңдетіп, әріптестік орнату жөнінде уағдаласты.
Айта кетейік, Түркістан облысының делегациясы Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд, Үргеніш, Хиуа қалаларында болып, жергілікті басшылармен, туризмге жауапты тұлғалармен кездесіп, келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛГЕН ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТУРИСТЕР САНЫ 2 ЕСЕ АРТҚАН

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДА ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz