Түркістан қаласы, Қазыбек би көшесі №164 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты Қ.А. Ясауи атындағы университеттің «Филология» факультетінің ғимаратында №103 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.
Аталған учаскеге 86 жастағы Муталипов Жунайдулла ақсақал келіп, өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділік танытты.
Қаланың барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Сайлаушылар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Дауыс беру бүгін кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.







