Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
10 октября, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
6
VIEWS

Түркістан музыкалық драма театрында жаңа – V театр маусымының шымылдығы түрілді. Маусымның ашылуы даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың туғанына 45 жыл толуына орай қойылған «Бекзат» драмалық қойылымымен басталды. Спектакльдің негізі жазушы Қуат Ежембектің пьесасы бойынша қойылған.

Аншлагпен өткен премьера төрт күнге жоспарланған. Алғашқы қойылымды тамашалауға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Олимпиада чемпионының анасы Сырлыкүл Саттарханова, сондай-ақ белгілі бапкерлер Тұрсынғали Еділов, Мырзағали Айтжанов, Нұрлан Жұмабаев және Олимпиада чемпиондары Ермахан Ибраимов, Мұхтархан Ділдәбеков бастаған танымал спортшылар қатысты.

Қойылым алдында көрермендерге арналған арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттық жетістіктеріне арналған жеке заттары, марапаттары мен фотосуреттері қойылды. Облыс әкімі Сырлыкүл Саттарханованың иығына орамал жауып, аналық мейірім мен ел құрметін білдірді.

Спектакльде Олимпиада чемпионының өмір жолы мен адами болмысы, ананың алаңдаған жүрегі, жастықтың мөлдір сезімі және ел алдындағы жауапкершілігі көркем бейнеленді. Қойылым көрерменнің зор ықыласына бөленіп, шынайылығымен, әсерлі сахналарымен ерекше тебіреніс тудырды.

Бекзаттың алғашқы бапкері Нұрлан Жұмабаев, кейіннен ұлттық құраманың жаттықтырушылары Александр Апачинский мен Тұрсынғали Еділов оның халықаралық деңгейге көтерілуіне зор үлес қосқан. Олимпиада алдындағы дайындық кезінде спортшы еліміздің әйгілі саңлақтары Ермахан Ибраимов, Болат Жұмаділов, Мұхтархан Ділдәбековпен бірге жаттығып, шеберлігін шыңдаған.

Басты рөлдерді Қадыржан Төреханов, Досымжан Арқабеков, Ақ-Сұлтан Әнуарбек, Шерхан Саматұлы, Темірлан Еркінғалиев, Мұзафар Ғалымжанұлы, Данияс Нұрқабден, Мерей Құдайбергенов, Динар Қалдыбай, Темір-Сұлтан Мейірбек, Инабат Абытхан, Аида Серикова, Ақбөпе Сәбет, Айдана Аққали, Ұлан Әділбек, Сембай Нұрла және басқа да театр әртістері сомдады.

Қойылым идеясының авторы – Асылхан Төлепов, жоба жетекшісі – Айгерім Бозщина, пьеса авторы – Қуат Ежембек, қоюшы режиссері – Карло Шакалуга.
Премьера 9–12 қазан күндері аралығында, сағат 19:00-де өтеді.

Шара соңында облыс әкімі Нұралхан Көшеров театр ұжымына алғысын білдіріп, гүл шоғын табыстады.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНА ЖАҢА АВТОБУС ТАБЫСТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz