Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА 4 АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА 4 АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
3 октября, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
8
VIEWS

Түркістан облысының спортшылары 2025 жылдың 9 айында Қазақстан чемпионаттарында – 1060 медаль, Азия чемпионаттарында – 109 медаль, әлем чемпионаттарында 79 медаль жеңіп алды. Бүгін солардың бірқатарын Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы марапаттап, құрмет көрсетті. Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен кездесуде жуырда еркін күрестен және армрестлингтен әлем чемпионатында ел сенімін ақтаған спортшылар марапатталды.

– Сіздерді еркін күрес пен армрестлингтен өткен әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жеңістер – үлкен еңбектің, қайсар мінездің нәтижесі. Әлемдік аренада Түркістан облысының спортшылары топ жарғаны біз үшін үлкен мақтаныш. Сіздерге облыс халқының және өзімнің атымнан шынайы алғысымды білдіремін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев спорт саласын дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Облыста осы бағытта ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Заманауи спорт нысандары ашылып, өз нәтижесін беруде. Мәселен, Хорватияда өткен әлем чемпионатында Асылжан Есенгелді бауырымыз қола жүлдегері атанды. Бұл жеңістің орны айрықша. Себебі, облыс орталығы ауысып, Түркістан облысы деп аталғалы бері еркін күрестен алғаш рет ересектер арасында қола медаль иегері шығып отыр. Әлемге әйгілі Шардараның армрестлинг мектебі тағы да сенімді ақтады. Армрестлингтен Болгария елінің Албена қаласында өткен 46-шы әлем чемпионатында облысымыздан 19 спортшы әлем чемпионы атанды. Шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде Қазақстан, соның ішінде нақты Түркістан облысының өрендері армрестлингтен әлемдік деңгейде көш бастап тұр. Бұл нәтижелер – өңірде спорт инфрақұрылымын дамыту, дарынды спортшыларды қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстың жемісі. Ендігі мақсатымыз – Олимпиада медалін алу. Біздің батырларымыз үмітті ақтайды деп сенемін! – деді Нұралхан Көшеров.

Салтанатты іс-шарада Нұралхан Көшеров Хорватияда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Асылжан Есенгелдіге жаңа көліктің кілтін тапсырды. Сонымен бірге армрестлингтен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы атанып, ел абыройын асырып жүрген Санжар Зәрубекке, Нұрдәулет Айдарханға және Ердәулет Мұхамбетовке де алғыс хат пен «темір тұлпар» кілттері тапсырылды. Ал армрестлинг құрамасына 10 миллион тегенің сертификаты берілді. Жалпы, 24 спортшы мен бапкер алғыс хатпен марапатталды.

Айта кетейік, Загребте өткен әлем чемпионатында Түркістан облысының өрені Асылжан Есенгелді 61 келі салмақ дәрежесінде қола жүлде жеңіп алды. Бұл спортшы жастар арасындағы әлем чемпионаттарында да күміс және қола жүлдегер атанған. Облыс аумағында еркін, грек-рим және әйелдер күресін дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 5500-ден астам спортшы аталған спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысады. Оларды 260 жаттықтырушы дайындауда. Қазіргі таңда 34 спорт ұйымында күрес үйірмелері бар.

Ал Армрестлингтен Болгария елінің Албена қаласында өткен 46-шы әлем чемпионатында Түркістан облысының 19 спортшысы әлем чемпионы атанды. Армрестлингтен облыс сайыпқырандары Азия чемпионаттарында 350 алтын еншілеген. Ал әлем чемпионаттарында 113 алтын медаль иеленіп, Қазақстанның Әнұранын шарықтатқан.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН – БИЗНЕС ҮШІН ТАРТЫМДЫ ӨҢІР

Келесі жаңалық

САЙРАМ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

15 декабря, 2025
Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

9 декабря, 2025
Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

9 декабря, 2025
Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

9 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

9 декабря, 2025

Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады

9 декабря, 2025

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында энергия тапшылығын жою мақсатында ірі электр станциялары салынуда.

9 декабря, 2025

Түркістан облысының аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер мен алаңдар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда.

9 декабря, 2025

Биыл Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай заманауи зауыттар іске қосылып, өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады.

9 декабря, 2025
Келесі жаңалық
САЙРАМ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
15 декабря, 2025
0

5000-дай адам жұмыс таппай жүр

24 сентября, 2021
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz