Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында Қолөнершілер қалашығы мен «TURKISTAN WORLD CRAFT FEST-2025» халықаралық қолөнершілер көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрме аясында шетелдік 100-ден аса қолөнер шебері Түркістанға келді. Фестиваль жалғасы Достық үйінде «Түркістан қолөнер мұрасы және туризімнің болашағы» атты халықаралық қолөнершілер форумына ұласты. Қазақстандық және шетелдік ұйым басшылары бас қосқан форумға Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің вице-президенті Айдархан Калиев модератор болды.
Форумда сөз алған қатысушылар баршаны ұлттық өнерді ұлықтауға шақырды. Түркістанды халықаралық деңгейде ірі туризм орталығына айналдыру, қолөнерді жамыту бағытындағы идеяларын ортаға салды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі