Түркістан қаласында бірқатар әлеуметтік нысан салу жоспарлануда. Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет Түркістан қаласын аралады. Жауапты сала басшылары мен қала әкімі облыс орталығында жаңа ғимараттар салу бойынша ұсыныстарын жеткізіп, жобаларды таныстырды.
Алдымен, облыс басшысы қаладағы М.Абенова мен Тоған көшелерінің қиылысында орналасатын жаңа қалалық әкімдік ғимаратын салу жобасымен танысты. Жаңа нысан рухани-мəдени орталықтағы 1,4 гектар аумақта бой көтереді деп жоспарлануда. Жоба бойынша ғимараттың сыртқы қасбеті іргелес орналасқан «Караван сарай» жəне «Қол өнершілер орталығы» кешендерінің жобаларымен үйлесімді етіп жасалған. Құрылыс жұмыстарын 14 ай көлемінде аяқтау көзделіп отыр.
Сонымен қатар облыс басшысына Есімхан алаңының маңында «Руханият орталығы» нысанын салу туралы ұсыныс айтылып, жобасы таныстырылды. Орталықты 0,44 гектар аумаққа орналастыру жоспарлануда. Екі қабатты ғимараттың құрылыс жұмыстарын 7 ай көлемінде аяқтау көзделуде.
Осы күні облыс әкімі Н.Төреқұлов көшесіне барып, «Асыл мұра» саябағын салу жобасымен танысты. Саябақты 6,2 гектар жерге орналастыру жоспарлануда. Мұнда 4,2 гектар аумақ абаттандырылмақ. Құрылыс жұмыстары 10 ай көлемінде аяқталады деп жоспарлануда.
«Басты мақсат – халықтың өмір сапасын арттыру, қолайлы орта қалыптастыру. Жобалар ел мүддесіне толық қызмет етуі тиіс» деген Нұралхан Оралбайұлы жоспарланған әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарының ашықтығын және қатаң бақылауда болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және…
2025 жылдың қаңтар айында Түркістан облысы білім басқармасының 09.01.2025 жылғы №25/109 санды хатына және әдістемелік кеңестің №1 хаттамалық тапсырмасына сәйкес,…
Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Облыстық құқық қорғау органдары,…