5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысы – көпұлтты өңір. Мұнда жүзден астам этнос өкілдері татулықта, бір шаңырақ астында өмір сүріп, елдің дамуына үлес қосып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Бірлік пен келісім – еліміздің басты байлығы». Осы орайда облыста халықтар достығын нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Облыс көлемінде Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалдары, этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдары, қоғамдық кеңестер белсенді жұмыс істейді. Олар мәдени іс-шаралар, ұлттық мерекелер мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырып, этностар арасындағы ынтымақтастықты арттыруға үлес қосуда.

Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде жас ұрпаққа толеранттылық пен достық құндылықтарын сіңіруге ерекше көңіл бөлінуде. Әртүрлі этнос өкілдері оқитын мектептерде «Достық клубтары» құрылып, оқушылар бір-бірінің тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеуді үйреніп келеді.

Аймақтағы халықтар арасындағы ынтымақтастықтың артуы – бейбіт өмірдің, тұрақтылықтың кепілі. Түркістан облысы еліміздегі ұлтаралық келісімнің үлгісі ретінде қалыптасып, этносаралық бірліктің өркендеуіне жол ашып отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *