6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Шардара қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Арнайы әзірленген алгоритмге сәйкес, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында орналасқан су сақтау ыдыстарына (резервуарларға) су толтыру жұмыстары белсенді атқарылуда.

Аталған жұмыстар аясында әрбір су сақтау ыдысына жауапты кезекшілер бекітіліп, олар су деңгейін тұрақты бақылауда ұстап, ыдыстарды уақтылы толтыруды қамтамасыз етуде. Бұл – қала тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтудың тиімді жолы ретінде жүзеге асырылып отыр.

Қазіргі таңда жауапты мекемелер тарапынан су жеткізу кестесі нақты бекітіліп, ауыз су үйлерге тұрақты әрі жоспарлы түрде жеткізіліп жатыр. Сонымен қатар, орын алған уақытша қиындықтарды шешу бағытында бірқатар шаралар қолға алынып, тұрғындардың өтініштері мен шағымдарына жедел түрде жауап берілуде.

Шардара қаласының әкімдігі мен тиісті коммуналдық мекемелер қала халқының тұрмыс сапасын жақсарту жолындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра бермек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *