6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

«АБАЙМЕН ОЙЛАН, АБАЙМЕН ТОЛҒАН»: «ФАРАБ» КІТАПХАНАСЫНДА АБАЙ ОНКҮНДІГІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

🔹Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абаймен ойлан, Абаймен толған» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті.
🔹Бұл онкүндік Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оның қара сөздері мен поэзиясы арқылы жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға және әдеби-көркем ойлауын қалыптастыруға бағытталған мәдени-ағартушылық бастама. Сонымен қатар онкүндік аясындағы іс-шаралар арқылы ұлттық рухты күшейту және жас ұрпақтың әдеби мұраға деген құрметін арттыру көзделеді.
🔹Салтанатты кешті Түркістан облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Омар Жексенбаев ресми түрде ашып беріп, онкүндіктің маңыздылығына тоқталып, Абай мұрасының ұлттық сана қалыптастырудағы рөлі туралы атап өтті.
🔹Шара барысында Түркістан қалалық мәдениет үйінің әншілері Абайдың әндерін орындап, «АКА» шығармашылық орталығының актерлық үйірме мүшелері «Бала Абай» сахналық қойылымын көрермен назарына ұсынды.
🔹Кештің арнайы қонақтары – Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Жармаханұлы; ақын, Нұрғали Сердалиев, ТО Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапхансының директоры Рысбек Ермекұлы сөз сөйлеп, Абайдың даналығы мен оның бүгінгі қоғамдағы маңызы жөнінде өз ой-пікірлерін білдірді.
🔹Балалар мен жасөспірімдер көркемсөз оқу үйірмесінің оқушылар және ҚР Ұлттық Ұланы 5574 әскери бөлімінің сарбаздары ақынның өлеңдерін оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бұл жастардың ақын мұрасына деген қызығушылығын айқын көрсетті.
🔹Іс-шара соңында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы сөз сөйлеп, Абай шығармашылығының өскелең ұрпақ үшін маңызын атап өтіп, онкүндік аясында өтетін іс-шаралар жоспарына қысқаша шолу жасады.
🔹Абайдың ұрпаққа қалдырған мұрасы – өлшеусіз рухани қазына. Оның қара сөздері мен поэзиясы – адамзаттық биік ойдың, имандылық пен парасаттың көрінісі. Сол себепті, бұл онкүндік – Абай мұрасын терең танып, санамызға сіңіру жолындағы маңызды мәдени оқиға болды.
🔹Онкүндік аясындағы шаралар алдағы күндері де жалғасып, түрлі форматтағы әдеби кештер, поэзиялық оқылымдар, пікірсайыстар мен конференция өткізу жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *