6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

80 ТОННАҒА ЖУЫҚ БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫН ӨСІРІП ОТЫР

Балық шаруашылығын дамыту Мемлекет басшысының алға қойған маңызды міндеттерінің бірі. Осыған орай, Төлеби ауданының аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов Киелітас ауылдық округіндегі «Fish House» ЖШС-на арнайы барып, балық шаруашылығын қолға алған серіктестік жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер Нұртас Шағыров аудан әкіміне балық шабақтары жіберілген арнайы бассейндерді көрсетіп, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.️
Кәсіпкер балықтың сазан және форель түрін уылдырық арқылы көбейтіп, арнайы жасалған тоғандарда бекіре балығын өсіруді қолға алған. Инвестиция құны – 400 млн теңге. Арнайы жасалған бассейндерге 15 тонна сазан шабағы, 60 тонна форель, 3 тонна бекіре тұқымдас балығын жіберген. Кәсіпкер бүгінгі таңда 50 ауыл тұрғынын уақытша жұмыс орнымен қамтып отыр. Алдағы уақытта 30 адамды тұрақты жұмысқа тарту көзделген. Сонымен қатар, қожалық иесі өз қаржысы есебінен жол бойына замануи балалар ойын алаңшасын салып, халыққа пайдалануға беруді жоспарлауда.
Кәсіпкер форель балығын салқын кезде арнайы орында өсіріп, күз мезгілінде ашық бассейнге жіберетінін айтты. Бұған қоса, ауданға келуші туристерге балықтың бірнеше түрін ұсынып, этно стильде дәмхана ғимаратының құрылысын жүргізетінін жеткізді. Тоған айналасына ерекше жеміс ағаштарын егіп, абаттандыруды қолға алған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *