Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ОТЫРАР ЖӘНЕ АРЫС КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ОТЫРАР ЖӘНЕ АРЫС КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
13 июля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
4
VIEWS

Түркістан облысының кәсіпкерлік саласы қарқынды даму үстінде. Осы бағытта кәсіпкерлер мен билік өкілдерінің арасындағы өзара байланысты нығайту, бизнес ортада туындайтын өзекті мәселелерді шешу мақсатында жүйелі кездесулер ұйымдастырылуда. Соның бірі – Отырар ауданында өткен кәсіпкерлермен ашық кездесу болды.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен бұл жиынға Өңірлік кеңес мүшелері, Арыс қаласы мен Отырар ауданынан келген кәсіпкерлер, облыстық мәслихат депутаттары, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдар мен салалық мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Іс-шара барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелерді ашық айтып, тиісті салалар бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов және Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев арнайы қатысты. Олар кәсіпкерлерді жеке қабылдап, олардың нақты мәселелерін тыңдап, заң аясында шешу жолдарын қарастыруға уәде берді.

Арыс қаласынан келген кәсіпкерлер бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды. Солардың қатарында:

  • Қаланың ішкі көшелерінде жүк көліктерінің қозғалысына рұқсат беру тәртібі;

  • Жер телімдерін алу және рәсімдеу мәселелері;

  • Түркістан қаласындағы «Шеберлер орталығынан» кәсіпкерлерге орын беру;

  • Субсидия алу жолындағы бюрократиялық кедергілер;

  • Шетел азаматтарын заңды түрде жұмысқа тарту мәселелері.

Аталған мәселелер кәсіпкерлердің бизнесін кеңейтуге, жұмыс орындарын ашуға кедергі болып отырғанын алға тартқан қатысушылар бұл мәселелерді жедел әрі нақты шешуді сұрады.

Отырар ауданының кәсіпкерлері болса инфрақұрылымға қатысты түйткілдерді көтерді. Атап айтқанда:

  • Ауыл шаруашылығы және өндіріс саласына қажетті су тапшылығы;

  • Ауылдарды табиғи газбен қамтамасыз ету;

  • Кейбір елдімекендерге электр желілерін тарту қажеттілігі туралы сөз болды.

Кәсіпкерлер бұл мәселелердің шешілуі өңірдегі өндіріс орындарының ашылуына, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға тікелей әсер ететінін баса айтты. Кездесу аясында облыстық деңгейдегі жауапты органдар кәсіпкерлердің көтерген мәселелерін заң аясында жедел шешуге уәде беріп, нақты жұмыстар басталатынын жеткізді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков әрбір мәселе бойынша жауапты мамандарға тапсырма беріп, бақылауға алатындарын мәлімдеді. Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Нұралы Әбішов кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілерді азайту, мемлекеттік қолдау тетіктерін оңайлатуға байланысты жоспарлармен бөлісіп, диалог алаңының тұрақты форматқа айналатынын жеткізді. Кездесуден кейін делегация мүшелері Отырар ауданындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі — «Lihua Spinning Technology Co., Ltd» тоқыма кәсіпорнына барып, өндіріс үдерісімен танысты. Бұл – шетелдік инвестор тартылған ірі жоба. Қытайлық инвестор иелігіндегі бұл кәсіпорын өңірде 500-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Заманауи технологиялармен жабдықталған кәсіпорын – аймақтағы жеңіл өнеркәсіптің дамуына үлес қосып, экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған. Бұл кездесу Түркістан облысындағы кәсіпкерлік дамуына тың серпін берген маңызды шара болды. Ашық диалог алаңы арқылы кәсіпкерлер өз ұсыныстарын тікелей жеткізіп, билік тарапынан қолдау табуы – өңірлік даму мен бизнестің өркендеуінің басты кепілі екені анық. Осы сынды кездесулер алдағы уақытта басқа аудандарда да жалғасып, Түркістан облысының инвестициялық, кәсіпкерлік тартымдылығын арттыруға сеп болады деп күтілуде.

Алдыңғы жаңалық

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӨЗІНДІК КІРІСТЕРІН ҰЛҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

Келесі жаңалық

АУДАН, ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ САУРАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Ұқсас жаңалықтар

80 ТОННАҒА ЖУЫҚ БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫН ӨСІРІП ОТЫР
Басты жаңалықтар

80 ТОННАҒА ЖУЫҚ БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫН ӨСІРІП ОТЫР

14 июля, 2025
ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР 15 АУЫЛ ТҰРҒЫНЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР
Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР 15 АУЫЛ ТҰРҒЫНЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

14 июля, 2025
ТҮЛКІБАСТА ЭКОТУРИЗМ ЖАНДАНАДЫ: «ALTY KÖL» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА ЭКОТУРИЗМ ЖАНДАНАДЫ: «ALTY KÖL» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

14 июля, 2025
АУДАН, ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ САУРАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАРМЕН ТАНЫСТЫ
Басты жаңалықтар

АУДАН, ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ САУРАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАРМЕН ТАНЫСТЫ

14 июля, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

80 ТОННАҒА ЖУЫҚ БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫН ӨСІРІП ОТЫР

14 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР 15 АУЫЛ ТҰРҒЫНЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

14 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТА ЭКОТУРИЗМ ЖАНДАНАДЫ: «ALTY KÖL» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

14 июля, 2025

АУДАН, ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ САУРАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАРМЕН ТАНЫСТЫ

14 июля, 2025

ОТЫРАР ЖӘНЕ АРЫС КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

13 июля, 2025

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӨЗІНДІК КІРІСТЕРІН ҰЛҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

13 июля, 2025

САЙРАМДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

13 июля, 2025

ЗАМАНАУИ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ЕТ КОМБИНАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

12 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11 июля, 2025
Келесі жаңалық
АУДАН, ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ САУРАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАРМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН, ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ САУРАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАРМЕН ТАНЫСТЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КОММУНАЛДЫҚ САЛА ӨКІЛДЕРІНЕ ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР ТАПСЫРЫЛЫП, ЕҢБЕК АДАМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА КОММУНАЛДЫҚ САЛА ӨКІЛДЕРІНЕ ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР ТАПСЫРЫЛЫП, ЕҢБЕК АДАМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

saqnews.kz
5 июля, 2025
0

ШАРДАРА: ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ ҚАРСАҢЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШАРДАРА: ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ ҚАРСАҢЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

saqnews.kz
10 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz