Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

САУРАНДА ІРІ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

САУРАНДА ІРІ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
9 июля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
7
VIEWS
Сауран ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев Ескі Иқан ауылдық округінде болды. Өңірдегі агроөнеркәсіптік бағыттағы ірі жобалардың бірі – мал бордақылау алаңдарының құрылыс барысымен танысты.
Іс-шараға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішев, облыстық мәслихат депутаты Жанар Темірбекова, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков қатысты.
Қайрат Рахымұлы Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан «Түркістан Ет өнімдері» ЖШС-нің мал бордақылау алаңының құрылыс жұмысын аралап көрді. Аудан әкімі бұл нысанның аймақтың агроэкономикалық әлеуетін көтеруге ықпал ететіні туралы айтты.
– Қазіргі таңда Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округтің аумағынан жалпы көлемі 185 гектар жер телімі бөлініп, 292 мал бордақылау алаңының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 30 бордақылау алаңы Ескі Иқан ауылдық округінде бой көтеруде. Соның 25-і құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Жоба толық іске қосылғанда, кемінде 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылады, – деді аудан басшысы.
Жобаның басты ерекшелігі – мал бордақылау алаңдарының бір жерде шоғырлануы. Мұндай тәсіл инфрақұрылымды тиімді пайдалануға, шығындарды азайтуға және жұмысты жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Санитарлық, ветеринарлық талаптар бір орталықта қатаң бақыланып, ет өнімінің сапасы мен көлемі артады. Сонымен қатар, сервистік қызметтерді орталықтандыру арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі. Ең маңыздысы – жаңа жұмыс орындары ашылып, ауылдық жерлердің экономикалық белсенділігі артады.
Халық қалаулысы кездесу барысында ауданда жүзеге асып жатқан жобаның ауқымдылығы мен құрылымына оң баға берді. Ол мал шаруашылығын дамыту – ауылдық жерлерде жұмыспен қамту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірлік экономиканы әртараптандырудың маңызды тетігі екенін атап өтті.
– Ел Президенті ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөліп отыр. Сол бағыттағы нақты бастамалар осындай жобалар арқылы жүзеге асуы қажет. Бұл – елді мекендердегі еңбекке қабілетті азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік беретін тиімді модель. Бастама жүйелі іске асатын болса, Сауран ауданы мал шаруашылығы бойынша облыста алдыңғы қатарға шығары сөзсіз, – деді Қайрат Рахымұлы.
Жергілікті тұрғындар мен жеке кәсіп иелерімен кездесу кезінде депутат жобаның іске асырылуына орай ұсыныс-пікірлерін тыңдап, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері жөнінде ақпарат берді.
Алдыңғы жаңалық

КЕЛЕСТЕ ЖІБЕК ҚҰРТЫН ӨНДІРУ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Келесі жаңалық

ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 4 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

8 августа, 2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ
Басты жаңалықтар

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

6 августа, 2025
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

6 августа, 2025
ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА УАҚЫТША СУ ТАПШЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Басты жаңалықтар

ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА УАҚЫТША СУ ТАПШЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

6 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

6 августа, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

6 августа, 2025

Құрметті Жұмыс берушілер!

4 августа, 2025

САРЫАҒАШ АУДАНЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

1 августа, 2025

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕҢБЕК АДАМДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАМЕН МАРАПАТТАДЫ

1 августа, 2025
Келесі жаңалық
ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 4 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН

ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 4 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Құрметті Жұмыс берушілер!

Құрметті Жұмыс берушілер!

saqnews.kz
4 августа, 2025
0

ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

saqnews.kz
6 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz