Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

АУДАН, ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ САУРАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАРМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН, ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ САУРАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАРМЕН ТАНЫСТЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
14 июля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
11
VIEWS
Бүгін Түркістан облысына қарасты Арыс қаласы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас және Төлеби, Бәйдібек аудандарының әкімдері, сондай-ақ облыстық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары мен бөлімдерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдері Сауран ауданына арнайы іссапармен барып, өңірлік кәсіпкерлікті дамытудың тиімді тәжірибелерімен танысты. Сондай-ақ, индустриялық жобалардың жүзеге асу барысын бақылап, өзара тәжірибе алмасты.
Аралау алдымен Шаға ауылдық округіндегі өндірістік паркінен басталды. Аталған өндірістік аймақта бүгінде бірқатар ірі жобалар іске асырылып жатыр. Мәселен, ауыл шаруашылығына арналған тамшылатып суару жүйелері мен тіркемелі техникалар шығаратын «BNK GROUP LTD» ЖШС-нің жұмысы таныстырылды. Кәсіпорын өнімдерін тек ішкі нарыққа ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және басқа да елдерге экспорттауды көздейді. Ал «Aqniet Holding» ЖШС мектеп, кеңсе және медициналық жиһаз өндірісімен айналысады.
Делегация Иассы ауылдық округіне қарасты Еңбекші Дихан елді мекенінде орналасқан өндірістік аймақты аралап, жобалармен танысты. Бұл аумақта 9 гектар жерге 24 жобаны орналастыру жоспарланған. Солардың бірі — «AR Group LLP» ЖШС, кәсіпорын клинкер қасбеттік плиткалар өндірісін жолға қойған. Өнімдер құрылыс саласына қажетті сапалы материалдар қатарын толықтырып отыр.
Келесі кезекте делегация Қарашық ауылындағы 10 гектар аумақта орналасқан өндірістік аймақты аралады. Мұнда жалпы 20 жобаны жүзеге асыру көзделген болса, қазіргі таңда 12 кәсіпкер құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Сонымен қатар Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «MinPromKaz» ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын, «Asia Brand» ЖШС корпустық жиһаз, «DIVALUX» ЖШС жұмсақ жиһаз өндіретін кәсіпорындарына да барды.
Сауран ауданында өндірістік аймақтарды дамыту — өңір экономикасын әртараптандыру, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған аралау өзара ынтымақтастықты нығайту және басқа өңірлерде де осы секілді жобаларды жүзеге асыруға тың серпін берері анық.
Алдыңғы жаңалық

ОТЫРАР ЖӘНЕ АРЫС КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮЛКІБАСТА ЭКОТУРИЗМ ЖАНДАНАДЫ: «ALTY KÖL» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

15 декабря, 2025
Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

9 декабря, 2025
Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

9 декабря, 2025
Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

9 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады

9 декабря, 2025

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында энергия тапшылығын жою мақсатында ірі электр станциялары салынуда.

9 декабря, 2025

Түркістан облысының аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер мен алаңдар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда.

9 декабря, 2025

Биыл Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай заманауи зауыттар іске қосылып, өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады.

9 декабря, 2025
Келесі жаңалық
ТҮЛКІБАСТА ЭКОТУРИЗМ ЖАНДАНАДЫ: «ALTY KÖL» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА ЭКОТУРИЗМ ЖАНДАНАДЫ: «ALTY KÖL» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
15 декабря, 2025
0

ШАРДАРА АУДАНЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

ШАРДАРА АУДАНЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

saqnews.kz
13 мая, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz