Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 4 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН

ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 4 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН
saqnews.kzsaqnews.kz
9 июля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
9
VIEWS
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өңірлердің барлық аудан, қалаларында жеке «Отбасын қолдау орталығы» КММ-дерін ашу туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай, Түркістан облысына қарасты барлық аудан, қалаларда өмірлік қиын жағдайға ұшыраған адамдар мен отбасыларға жан-жақты қолдау көрсететін 17 орталық ашылды. Аталған орталықтардың қызметі Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында пысықталды.
✔️Жиында Нұралхан Көшеров жауапты тұлғаларға жұмысты жандандыру бойынша тапсырмалар міндеттеді.
📌– Аудан, қалалардағы отбасы қолдау орталықтарын жеке ғимаратпен қамтамасыз етіп, олардың материалдық-техникалық базаларын жасақтаңыздар. Тұрмыстық ауыр жағдайға түскен отбасыларға жан-жақты сүйемелдеу көмегін көрсетіп, қоғамға толыққанды мүшесі ретінде қайта оралуын қамтамасыз ету жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырамын. Мобильді топтардың жұмысын жандандырыңыздар, – деген аймақ басшысы тапсырмаларды тиісті деңгейде орындамаған аудан, қала әкімдерінің салаға жауапты орынбасарларының тәртіптік жауапкершіліктері қаралатынын ескертті.
✔️Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміскүл Мирова Түркістан облысындағы Отбасын қолдау орталықтарының қызметі туралы есеп берді. Оның мәлімдеуінше, жыл басынан орталықтарға 4782 өтініш түсіп, мемлекеттік органдардан 426 сигнал тіркелген. Өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, психолог, заңгер және әлеуметтік қызметкер тарапынан 4033 түрлі қызмет көрсетілген.
✔️Облыс әкімінің тапсырмасымен бірқатар орталықта тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беретін жатын орындар ұйымдастырылған. Дегенмен кейбір аудан, қалаларда жатын орындар қарастырылмаған.
✔️Биыл орталықтардың жұмысын цифрлық платформаға ауыстыру бойынша FSM Social мобильді қосымша іске қосылды. Мобильді қосымша өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға, отбасыларға қолдау көрсету процестерін автоматтандыруға бағытталған. Жүйе арқылы сигнал беру және цифрлық құралдарды қолдану көмекке мұқтаж адамды ерте анықтауға, оған жан-жақты қолдау шараларын жедел түрде көрсетуге және бекітілген жеке жоспарлық іс-шаралардың орындалуын қадағалауға толық мүмкіндік берді.
✔️Барлық аудан, қалаларда мобильдік топтар жұмыс істейді. Жұмысшы топтардың құрамында әлеуметтік қамсыздандыру саласының мамандарынан бөлек, ішкі істер, білім, денсаулық сақтау, қорғаншылық қызметінен 5 мыңға жуық маман бар.
Алдыңғы жаңалық

САУРАНДА ІРІ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 85 КӨЛІК ТАПСЫРЫЛЫП, СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 85 КӨЛІК ТАПСЫРЫЛЫП, СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 85 КӨЛІК ТАПСЫРЫЛЫП, СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz