Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

ТҮРКІСТАНДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН
saqnews.kzsaqnews.kz
5 июля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
16
VIEWS
Түркістанда ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен ағын суға қатысты мәселелер талқыланған мәжіліс өтті. Облыс аумағындағы вегетациялық маусымның өту барысы қаралып, су үнемдеу технологияларын енгізу жолдары айтылды. Мәжілісті Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жүргізіп отырды.
Министр су саласына қатысты өзгерістер мен бастамалар туралы баяндады.
– 10 маусымнан бастап жаңа Су кодексі күшіне енді. Біраз өзгерістер бар. Оның ең ауқымдысы әрі маңыздысы су үнемдеуге басымдық берілуінде. Себебі, елімізде жылдан-жылға ағын су көлемі азайып келеді. Сондықтан ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуге басымдық беріліп, осы бағытта жұмыс істейтін шаруаларға қолдау күшейтіледі, – деген Нұржан Нұржігітов су үнемдеу технологиясын дамыту – заман талабы екенін жеткізді.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров ағын су саласындағы маңызды мәселелерге тоқталды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін су ресурстарының жетіспеушілігі мен оларды ұтымды пайдаланудың тиімді шараларын қабылдауға ерекше назар аударып келеді. Өңірде су нысандары инфрақұрылымын дамыту – өзекті мәселе. Республикадағы суармалы жердің төрттен бір бөлігі, яғни, 552 мың гектары Түркістан облысының үлесінде. Облыста биыл 27 мың гектарға су үнемдеу технологияларын енгізу міндеті жүктелген. Бірақ өңірдің мүмкіндігіне сәйкес, су үнемдеу технологиялары биыл 59 мың гектарға енгізіледі. Бүгінгі күнге жоспар 46 мың гектарға орындалды. Қалғанны вегетация маусымы аяқталған соң енгізіледі. Өзіңіздің қолдауыңызбен «Ислам даму банкінің» қаржысын тарту арқылы биыл облыс аумағында бірқатар су нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, – деген Нұралхан Көшеров министрге қолдауы үшін ризашылығын білдіре келе су үнемдеу технологияларын субсидиялау мәселесіне қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Жиында су шаруашылығына жауапты министрлік пен мекемелердің жауапты тұлғаларының баяндамалары тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың вегетациялық кезеңнің өту барысы туралы есебі назарға алынды.
Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 890 мың гектарға, яғни, өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға артық егілді. Оның ішінде, суармалы алқап 552 мың гектарды құрайды. Егістікке қажетті ағын су көлемі шаруалардың сұранысына сәйкес босатылып, вегетациялық маусым қалыпты деңгейде өтуде.
Облыстық бюджет мүмкіндігі шегінде, аудан, қалаларда бірінші кезекте қалпына келтіруге жататын су нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Су қоймалардан ағын су босатылуда. Былтыр облыстық бюджет есебінен 43 шақырымды құрайтын 11 су нысанына (10 канал — 2025 жылға өтпелі) күрделі жөндеу және 1 350 шақырым қашыртқыларға қатысты 6 жобаға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2,9 мың гектар жер сумен қамтамасыз етіліп, 26,9 мың гектар жердің мелиоративтік жағдайы жақсарды. Биыл 5,4 млрд. теңге қаржы қаралып 59 шақырымды құрайтын 13 су нысанына күрделі жөндеу, 21,8 шақырымды құрайтын қашыртқыларға (1 жоба) механикалық тазалау жұмыстары басталды. Республикалық меншіктегі нысандарда жалпы құны 122,8 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге асырылуда.
Су нысандарын қалпына келтіру бойынша кешенді шаралар атқарылып, «Тұран су» кәсіпорны қажетті техникалармен қамтамасыз етілді. 2023 — 2024 жылдары 3,6 млрд. теңгеге 60 арнайы техника сатып алынды. Осы техникалар есебінен 2025 жылдың алты айында 533,4 шақырым каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Алдыңғы жаңалық

ТОҚЫМА-МАТА ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН САЛУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

Келесі жаңалық

100-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАБЫС ЕТІЛДІ

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
100-ГЕ ЖУЫҚ  ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАБЫС ЕТІЛДІ

100-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАБЫС ЕТІЛДІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz