Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА  «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
saqnews.kzsaqnews.kz
1 июля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
12
VIEWS
Түркістандағы «Достық үйінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен этнос өкілдері арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Ұлттық домбыра күніне орай «Үкілі домбыра» байқауы өтті.
Аталған байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елтану» жобасын іске асыру және талантты домбырашыларды анықтау, сондай-ақ облыстың мәдени имиджін көтеруге атсалысу, этнос өкілдеріне ұлттық өнерді насихаттау мақсатында өткізілді.
Байқаудың ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов іс-шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– «Үкілі домбыра» байқауы – өнерді ұлықтайтын, рухты оятатын тағылымды шара. Бұл – тек өнер жарысы ғана емес, ұлттық мұраны дәріптеп, оны өскелең ұрпақтың бойына сіңірудің жарқын көрінісі. Қазақтың күй өнері – ғасырлар қойнауынан жеткен асыл қазына. Осы байқау арқылы біз сол қазынаны дәріптеп, жас таланттарға жол ашып отырмыз. Сондай-ақ, бұл жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елтану» ғылыми-ағартушылық бастамасымен үндесе отырып, этнос өкілдеріне де қазақ мәдениетінің терең мәні мен әсемдігін танытуға бағытталған. Бұл – бірлік пен рухани келісімді нығайтатын маңызды бастама, — деді басқарма басшысының орынбасары.
«Дәстүрлі ән орындау», «Күй орындау», «Терме орындау» сынды үш номинацияда өткен өңірлік байқауға қала, аудандардан келген өнерпаздар қатысып, бақтарын сынады.
Бірлікті бекемдеген байқау қорытындысында қазылар алқасының шешімімен «Дәстүрлі ән орындау» номинациясы бойынша 1-орынға саурандық Юлдуз Бектемирова лайық деп танылды. Ал 2-орынды жетісайлық Элина Букаева, 3-орынды саурандық Абдумалик Алитдинов иеленді. «Күй орындау» номинациясы бойынша сайрамдық Диёр Ахмедов жеңімпаз атанса, 2-орынға кентаулық Бехруз Давранов, 3-орынға саурандық Бехруз Закирханов ие болды. Ал «Терме орындау» номинациясы бойынша сайрамдық Айна Набиева топ жарса, саурандық Муратжан Атажанов жүлделі 2-орынды алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ байқауға белсене атсалысқан қатысушыларды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Спорт және өнер факультеті «Орындаушылық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Сәбит Сопбеков, «Ақжайық» музыка мектебінің домбыра пәні мұғалімі, республикалық конкурстардың лауреаты Бексұлтан Жұман арнайы құттықтап, дипломдармен, Алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапаттады.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz