Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҒАЖАЙЛАР МЕН ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРЫНДА ТАЗАЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛЕДІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҒАЖАЙЛАР МЕН ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРЫНДА ТАЗАЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛЕДІ
saqnews.kzsaqnews.kz
1 июля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
23
VIEWS
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары үздіксіз атқарылып келеді. Облыс әкімімен бекітілген жол картасы аясында 88 іс-шара жоспарланып, оның ішінде 38-і тұрақты түрде іске асырылуда. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды.
Облыс әкімі жұмысты тиісті деңгейде атқармаған аудан, қала басшыларына ескерту беріп, тазалық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
– Президент тапсырмасын тиісті деңгейде орындамаған, сапасыз атқарған тұлғаларға шара көріледі. Бұл бағдарлама тек сенбілікпен шектелмеуі керек. Формальді есеп қажет емес. Тазалық іс-шараларын сапалы жүргізіп, тұрақты жалғастырыңыздар, – деді Нұралхан Оралбайұлы.
Жиында «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылған жұмыстар туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, өңірде апталық сенбіліктер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Дегенмен, кейбір аудандар мен қалаларда халықты ақпараттандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру, еріктілер мен кәсіпкерлерді тарту, азаматтық белсенділікті дамыту бағыттарындағы жұмыстар тиісті деңгейде жүзеге асырылмай отыр. Мәжілісте осы мәселелерге назар аудару жөнінде тапсырма берілді. Сонымен бірге аймақтағы жағажай иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарын бұзған жағдайда, айыппұл салу тапсырылды. Демалыс аумақтарында қоқыс контейнерлерін көбейтіп, тазалық ережелері көрсетілген ақпараттық тақтайшалар, ескертпе белгілер мен баннерлер орнату мәселесі де көтерілді. Демалыс аймақтарында жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, бейнебақылау камераларын орнату міндеттері жүктелді.
Биыл қоғамдық орындарда санитарлық талаптарын сақтамаған тұлғаларға 13 757 хаттама толтырылған. Жалпы 328,4 млн. теңгеге айыппұл салынып,181,2 млн. теңге өндірілді. Алайда ауылдық округтерде бей-берекет қоқыс жиналуы мәселесі әлі күнге дейін өзекті. Облыстағы демалыс аумақтарында рейдтік шаралар жүргізіліп, нәтижесінде, 184 заңсыз күл-қоқыс орны анықталды. Заңсыздықтар, әсіресе, Түркістан және Кентау қалалары мен Түлкібас, Шардара, Сауран аудандарында тіркелген.
Жол картасында бекітілген іс-шаралардың сапалы орындалуы бақылауда болады.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ҚОҚЫС ПОЛИГОНДАРЫН РЕТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz