6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

АУДАН ӘКІМІ ЕЛ ДАМУЫНА СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АРДАГЕР АЗАМАТПЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ жылдар бойы өзіндік үлесін қосқан ардақты азамат — Алипов Бақтыбай Қиянбекұлын арнайы қабылдады.
Бақтыбай Қиянбекұлы 20 жылға жуық уақыт бойы идеология саласында абыройлы қызмет атқарып, аудандық ауыл шаруашылығы және ішкі саясат бөлімдерінің басшысы, сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары лауазымдарында еңбек еткен. Ол өз жұмысында жоғары жауапкершілік пен кәсіби біліктілік танытып, ауданымыздың дамуына, тұрақтылығына және қоғамдық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосты.
Зейнеткерлік жасқа толуына орай ұйымдастырылған кездесуде аудан әкімі Арман Қарсыбаев Бақтыбай Қиянбекұлына атқарған жемісті еңбегі үшін шынайы алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.
Кездесу барысында жылы лебіздер айтылып, ардагерге алдағы өмір жолына ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық пен отбасылық амандық тіледі.
Осындай елге еңбегі сіңген азаматтардың өмір жолы — өскелең ұрпақ үшін үлгі. Аудан әкімдігі тарапынан Бақтыбай Қиянбекұлына зор алғыс айтылып, бейнетінің зейнетін көруіне тілектестік білдірілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *