Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШТА КҮНІНЕ 100 МЫҢ ДАНА БІР РЕТТІК ЫДЫС-АЯҚ ӨНДІРІЛЕДІ

САРЫАҒАШТА КҮНІНЕ 100 МЫҢ ДАНА БІР РЕТТІК ЫДЫС-АЯҚ ӨНДІРІЛЕДІ
saqnews.kzsaqnews.kz
17 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
9
VIEWS

Сарыағаш ауданының индустриялық-инновациялық даму бағытында жүзеге асып жатқан жобалардың бірі – Құркелес ауылдық округінде орналасқан «Bah-Asmar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бір реттік ыдыс-аяқ өндіретін цехы. Аталған өндіріс орны бүгінгі таңда тәулігіне 100 мың дана өнім шығарып, 55 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бұл – аудан халқы үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың нығаюына елеулі үлес.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев жұмыс сапары барысында өндірістік нысанның тыныс-тіршілігімен жақын танысты. Заманауи қондырғылармен жабдықталған цехта жұмысшылардың еңбек ету жағдайларына да баса назар аударылды. Кәсіпорын басшысы Ерлан Исаев аудан басшысына өндірістің қазіргі мүмкіндіктері мен алдағы даму жоспарлары жайлы баяндап, сұраныстың артып келе жатқанын және өнім көлемін ұлғайту қажеттігін атап өтті.

Қазіргі таңда «Bah-Asmar» ЖШС бір реттік пластик және қағаз ыдыс-аяқтарды шығарып, оларды жергілікті сауда орындарына, қоғамдық тамақтану нүктелеріне және аймақтық нарыққа жеткізуде. Кәсіпорын экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жұмыс істейді. Өнімдері санитарлық нормаларға толық сай және тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланып отыр.

Сонымен қатар, кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыру бағытында қосымша инвестиция тарту, жаңа құрылғылар орнату және экспорттық әлеуетті зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша, келер жылы цех өнімін шет мемлекеттерге экспорттау мүмкіндігі қарастырылмақ. Бұл өз кезегінде ауданның экономикалық әлеуетін арттырып, өңірлік кәсіпкерлік белсенділікті одан әрі дамытуға жол ашады.

Айта кету керек, Сарыағаш ауданында кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасалған. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиалы, мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қолдау тетіктері және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары кәсіпорындардың табысты жұмыс істеуіне оң әсерін тигізіп отыр. Арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық аймақтар арқылы өндірістік жобаларға жер телімдері беріліп, инфрақұрылым тартылуда.

Алдыңғы жаңалық

ЖҰМЫСШЫ ТОП АУДАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН АРНАЙЫ ТЕКСЕРЕДІ

Келесі жаңалық

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН ҚХР ТӨРАҒАСЫ СИ ЦЗИНЬПИН ЖҮРГІЗГЕН КЕЛІССӨЗ НӘТИЖЕСІНДЕ 24 ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР АРҚЫЛЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ӨНІМ МЕН ТАБЫС МОЛАЙДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР АРҚЫЛЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ӨНІМ МЕН ТАБЫС МОЛАЙДЫ

13 октября, 2025
ТҮРКІСТАНДА ТІГІЛГЕН СӘУКЕЛЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТІГІЛГЕН СӘУКЕЛЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ

13 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН ҚХР ТӨРАҒАСЫ СИ ЦЗИНЬПИН ЖҮРГІЗГЕН КЕЛІССӨЗ НӘТИЖЕСІНДЕ 24 ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН ҚХР ТӨРАҒАСЫ СИ ЦЗИНЬПИН ЖҮРГІЗГЕН КЕЛІССӨЗ НӘТИЖЕСІНДЕ 24 ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz