Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРГЕ ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРГЕ ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
18 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
12
VIEWS
Түркістан қаласында 2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы мемлекеттік емтихан ұйымдастырылып, қорытынды аттестаттау кезеңі сәтті аяқталды. Ендігі кезекте — 19 маусым күні өтетін аттестат табыстау салтанатына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты бүгін қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақытжан Нұрмаханбетұлы және Түркістан қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ахан Дәуірұлының қатысуымен мектеп директорларымен арнайы жиналыс өтті.
Жиында қорытынды аттестаттау кезеңінде атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы аттестат тапсыру рәсімін ұйымдастыру барысы, сондай-ақ түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар мәселелер жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, аттестат табыстау рәсімінен кейін оқушылардың топ болып серуендеуі мен бейресми кештер ұйымдастыруының алдын алу үшін рейдтік шаралар ұйымдастыру жоспарланды.
«Әрбір бала – елдің ертеңі. Сондықтан олардың сапалы білім алуы ғана емес, қауіпсіздігі де басты назарда болуы тиіс», – деді жиынға қатысушылар.
Жиын қорытындысында барлық мектеп директорларына жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Айта кетейік, Түркістан қаласында 2025 жылы 55 252 оқушы білім алды. Биылғы оқу жылында 3069 оқушы 11-сыныпты аяқтап, мектеппен қоштасты. Олардың ішінде 244 түлек «Үздік аттестатқа», 183 түлек «Алтын белгіге» үміткер ретінде тіркелген. 44 мектептен 2799 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуда.
Аттестат табыстау рәсімін жоғары деңгейде өткізу – қалалық білім беру ұйымдарының басты міндеттерінің бірі. Осыған байланысты барлық мектеп ұжымдарына салтанатты жиынды ұйымдастыруда жауапкершілікпен қарау, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ата-аналармен тығыз байланыста болу тапсырылды.
Салтанатты іс-шара барысында оқушылардың жетістіктері атап өтіліп, білім саласына қосқан үлестері үшін ұстаздар мен ата-аналарға алғыс білдіріледі. Сонымен қатар, рәсімге қатысушылардың тәртібі мен мәдениет деңгейін сақтау, қауіпсіздік шараларын сақтау қатаң бақыланбақ.
Биылғы түлектер — еліміздің болашағы. Олардың әрқайсысының арманы мен мақсаты бар. Осы ретте аттестат табыстау рәсімі жас түлектердің өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі ретінде есте қалмақ. Бұл шара – тек мектеппен қоштасу сәті ғана емес, жаңа өмірге қадам басу алдындағы маңызды белес.
Қала әкімдігі, адами әлеуетті дамыту бөлімі және құқық қорғау органдары бірлесіп, аталған іс-шараның жоғары деңгейде және қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге дайын.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРДЫ ӨМІРГЕ ҚАЙТА БЕЙІМДЕУГЕ КҮШ САЛЫНАДЫ

Келесі жаңалық

ПРЕЗИДЕНТ ЕКІНШІ «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР АРҚЫЛЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ӨНІМ МЕН ТАБЫС МОЛАЙДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР АРҚЫЛЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ӨНІМ МЕН ТАБЫС МОЛАЙДЫ

13 октября, 2025
ТҮРКІСТАНДА ТІГІЛГЕН СӘУКЕЛЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТІГІЛГЕН СӘУКЕЛЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ

13 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР АРҚЫЛЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ӨНІМ МЕН ТАБЫС МОЛАЙДЫ

13 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА ТІГІЛГЕН СӘУКЕЛЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ

13 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
ПРЕЗИДЕНТ ЕКІНШІ «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ЕКІНШІ «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz