6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

ЖҰМЫСШЫ ТОП АУДАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН АРНАЙЫ ТЕКСЕРЕДІ

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков лездемелік мәжіліс өткізіп, аудандарға берілген тапсырмалардың орындалуын саралады.
Басқарма басшылары жылыжай шаруашылығын дамытудың, жылыжай қарқынды бау егу жоспарының, үшжақты келісім негізінде индикаторлық көрсеткіштердің орындалу кестесін ұсынып, есебін берді.
Мәліметтерді саралай келе Нұрбол Тұрашбеков өзектілік картасына енгізілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды:
– Аудандардың жолдаған мәліметтерін тексеріп, қалыптасқан шынайы жағдаймен салыстыру керек. Шұғыл жұмысшы топ құрып, талдау жүргізуді тапсырамын, – деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде.
Ендігі кезекте жұмысшы топ құрамына енген басқарма басшылары ауыл-аймақты аралап, жағдайды жеке баяндайды. Әсіресе, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімдіктерінің ағын суды шығынсыз тиімді пайдалану, мал азығын дайындау және жайылымдық жерлерді қайтару бойынша атқарған жұмыстары қатаң бақыланбақ.
Жұмысшы топтың қорытындысымен облыс әкіміне кемшілікке жол берген аудан-қала басшыларының жауапкершілігін қарау ұсынылатыны ескертілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *