Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

ЖЕТІСАЙДА  ЗАМАНАУИ ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
16 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
8
VIEWS
Жетісай ауданында жеке кәсіпкердің инвестициялық қаржысы есебінен ірі медициналық орталық бой көтерді. Асықата кентінде бой көтеріп жатқан «Samruk Medical clinic» — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған мекеме. Онда жергілікті халыққа соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, сапалы медициналық қызмет алуларына барлық жағдайлар жасалған. Сапалы медициналық қызмет көрсететін орталықтың бүгінгі тынысымен танысу үшін Түркістан облысының БАҚ өкілдері арнайы барып, нысанмен танысты.
Ғимарат құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған. Онда әртүрлі бағыттағы 130 жоғары санатты дәрігер тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, күрделі оталардың кез-келген түрін жасау мүмкіндігі қарастырылып, балалар мен ересектерге арналған екпе бөлмелері мен зертханалар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеделсаты жұмыс істейді. Жергілікті және облыстық деңгейдегі ауруханаларға тасымалдайтын заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған жедел жәрдем көліктері де бар. Бүгінде қолданысқа дайын орталықтың күндізгі стационарында 10, тәуліктік стационарында 40, терапия бөлімінде 20, ал, травматология бөлімінде 10 төсек орын қарастырылған.
Сондай-ақ, журналистер Асықата елді мекенінде жеке инвестор есебінен бой көтеріп жатқан заманауи теннис орталығының құрылыс жұмыстармыен танысты. «SPORT ASSET MANAGEMENT» қоғамдық бірлестігі қолға алған нысан 1 гектар аумақты алып жатыр. Құны 1 млрд теңгені құрайтын теннис орталығында бір мезетте 200-ге тарта адам жаттыға алады. Жаттығушыларға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 2 жаттығу залының біріне 9 теннис үстелі, екіншісіне 3 күрес кілемі, бокс рингі, жаттығу жабдықтары бар. Өткен жылы қазығы қағылған кешен биыл қолданысқа берілмек. Ауданда алғаш рет салынып отырған орталық пайдалануға берілген соң республикалық, халықаралық байрақты бәсекелерді өткізу мүмкіндігі туады.
Одан соң БАҚ өкілдері Абай ауылдық округі, Халықтар Достығы елді мекеніндегі «Смайл» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Бүгінде 230 гектарға қытайлық мақта шитін сеуіп, 10 гектарына көкөніс, 20 гектарына бақша дақылдарын еккен. Ағын су тапшылығының алдын алып, өнімділікті арттыру мақсатында 230 гектар алқапқа су үнемдеу технологиясын енгізуді жоспарлап, биылғы жылы 177 гектар жеріне су үнемдеу технологиясын «BNK GROUP» компаниясымен іске асыруда.
— Гектарына кететін орташа шығынның 80 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланса, 20 пайызы шаруаның есебінен төленеді. Су үнемдеу технологиясы өнім көлемін 2-2,5 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді» — дейді қожалық басшысы Смайл Әуезов.
Журналистер өңірдегі қауын-қарбыз жиын-терім науқанымен де танысты. Соңғы 20 жылдан бері диқаншылықпен айналысып келе жатқан жетісайлық шаруа Қайрат Жақыпов Абай ауылдық округіндегі 30 гектар егістік жерінің 15 гектарына қауынның «Бакинка» сортын ексе, 15 гектарына мақта шитін сепкен. Қожалық төрағасының ерте көктемде отырғызған көшеттері жоспардағы 65 күнде емес, 70 күнде дайын болып отыр.
Сондай-ақ, тілшілер өңірде атқарылып жатқан ауызсу құрылысы жұмыстарымен де танысты. Өңір басшысы Серік Мамытовтың тапсырмасы нәтижесінде 105 елді мекеннің барлығы толығымен орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтылған. Ауданда 83 дана ауыз су ұңғымасы, 85 ауыз су мұнарасы мен 24 су сақтағыш, санитарлық қорғау аймақтары талапқа сай қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Ауданда тартылған 1197 шақырым ауыз су құбырларының 81,5 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.
Алдыңғы жаңалық

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАР СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК КӨРСЕТТІ

Келесі жаңалық

«ЖЕТІСАЙ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 11 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
«ЖЕТІСАЙ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 11 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

«ЖЕТІСАЙ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 11 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz