6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

«ҮКАША АТА» КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫ ТАЗАРТЫЛЫП, АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» айдары аясында Сауран ауданының аумағындағы орналасқан «Үкаша ата» кесенесінің маңы абаттандырылып, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – киелі жерлердің тазалығын қамтамасыз етіп, табиғат пен тарихтың тұтастығын сақтау.
Ауқымды тазалық шарасына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, тұрғындармен бірге тазалық жұмысына атсалысты. Тұрғындарды қасиетті орындарды көркейтуге, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.
Жалпы көлемі 90 гектарды қамтитын «Үкаша ата» кесенесінің аумағында қураған шөптер жиналып, бей-берекет өскен ағаштар ретке келтірілді. 100 метрге жуық бұлақ көзі ашылып, құдық маңы қоқыстардан тазарды.
Экологиялық шараға ауылдық округтерден жиналған жүзге жуық тұрғын мен мемлекеттік қызметші қатысып, аумақты ретке келтіруге өз үлестерін қосты.
Айта кетейік, аудан аумағындағы 53 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағында жүйелі тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *