Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ТҮРКІСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ТҮРКІСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
12 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
4
VIEWS

Түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау және дәріптеу мақсатында Түркістанда өткізілген II Халықаралық түркі әлемі сәулетшілері мен реставраторларының симпозиумы өз жұмысын қорытындылады. Маңызды ғылыми-тәжірибелік жиын Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен Түркістан облысы әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

Симпозиумға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан елдерінен келген жетекші ғалымдар, сала сарапшылары мен халықаралық ұйым өкілдері қатысты. Жиын барысында түркі өркениетінің сәулет ескерткіштері, олардың тарихи, мәдени маңызы, сондай-ақ оларды сақтау және қайта жаңғырту әдістері жан-жақты талқыланды.

Екі күнге жалғасқан шара «Түркі өркениетінің ескерткіштері: зерттеу, сақтау және реставрациялау әдістері» тақырыбын арқау етіп, тәжірибе алмасу мен ғылыми пікірталас алаңына айналды. Симпозиум аясында қатысушылар археология, реставрация және сәулет саласындағы заманауи тәсілдер, инновациялық технологиялар мен дәстүрлі әдістерді ұштастыру жолдарын талқылады.

Симпозиум бағдарламасы аясында қатысушыларға Түркістан өңірінің киелі нысандарын аралау мүмкіндігі ұсынылды. Ғылыми-танымдық сапар Арыстан баб кесенесіне зияратпен басталып, Отырар қалашығында жалғасын тапты. Шетелдік қонақтар ежелгі Отырардың мәдени қабаттарымен танысып, археологиялық жұмыстардың барысын бақылады. Түс ауа симпозиум делегаттары Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болды. Түркі руханиятының алтын діңгегіне айналған тарихи нысанмен танысу барысында қатысушылар еліміздің рухани мұрасын жоғары бағалады.

Сапар барысында қонақтар қазақ халқының бай тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін салт-дәстүрлерге де куә болды. Киелі өңірдегі рухани мұралар мен тарихи жәдігерлер, сәулет ескерткіштері шетелдік сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Олар Түркістан қаласының көне мен жаңаны үйлестірген қазіргі келбеті мен рухани-ағартушылық бағыттағы дамуын ерекше атап өтті.

Симпозиум соңында қатысушылар ғылыми ортада өзара ынтымақтастықты арттыруға, бірлескен зерттеу жобаларын жүргізуге, реставрациялық тәжірибемен алмасуға ниетті екендіктерін білдіріп, ортақ декларация қабылдады.

Мұндай халықаралық форматтағы іс-шаралар – Түркістанның түркі әлеміндегі тарихи, мәдени және рухани рөлін күшейтіп қана қоймай, ғылыми қауымдастықтар арасындағы байланысты тереңдетуге де ықпал ететіні сөзсіз. Облыс әкімдігі тарапынан болашақта да осындай жиындарды тұрақты түрде өткізу, түркі мұраларын бірлесіп зерттеу және сақтау жұмыстары жалғаса бермек.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АЛҒАШ РЕТ NEAR ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ АТАНДЫ

Келесі жаңалық

Кредиттермен жасалатын алаяқтық схемалар: өзіңізді алдауға қалайша жол бермеуге болады

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Кредиттермен жасалатын алаяқтық схемалар: өзіңізді алдауға қалайша жол бермеуге болады

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz