6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Uncategorized

«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ!» АТТЫ АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Шардара ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен және аудандық Білім бөлімінің қолдауымен «Бала қауіпсіздігі – басты мақсатымыз!» атты кең ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шараға 300-ден астам оқушы қатысты.
Іс-шараға Шардара аудандық ақпараттық-танымдық газеті «Шартарап-Шарайна», қоғамдық-саяси, ақпараттық және жарнамалық бағыттағы «Өскен өңір» газеті мен «Сәт Медиа-Холдинг» ЖШС телеарнасы қатысып, шараның ақпараттық қамтылуын қамтамасыз етті.
Шараның негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Атап айтқанда:
• Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет ережелерін түсіндіру;
• Судағы қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
• Алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін үйрету.
Сонымен қатар, балаларға төтенше жағдайларда қолданылатын арнайы техника мен құрал-жабдықтар таныстырылып, олардың жұмыс істеу принциптері түсіндірілді.
Бұл іс-шара жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда және төтенше жағдайларға дайын болу дағдыларын дамытуда маңызды рөл атқарды.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *