Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
saqnews.kzsaqnews.kz
22 мая, 2025
in Uncategorized
0
0
SHARES
3
VIEWS
Бүгін Түркістанда 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған іс-шара өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, сала қызметкерлерін құттықтады.
– Қасиетті Түркістан өңірінің дамуында сіздердің үлестеріңіз мол. Мемлекет басшысының Жарлығымен Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Бұл бастама аймақта мәдениет саласын дамытуға да серпін береді. Өңірде көптеген мәдениет ошақтары салынып, халыққа рухани қызмет көрсетіп келеді. Өнер мен мәдениет саласының дамуындағы үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білідіремін. Облыс орталығына айналған қасиетті шаһарда руханиятқа, өнерге айрықша көңіл бөлініп келеді. Мұның бәрі Түркістанның жаңаша бағытта дамуына жасалған оң қадамдар деп білеміз. Алдағы уақытта да Түркі әлемінің рухани бағдарына айналған шаһарда мәдени іс-шаралар жалғасады, – деді облыс басшысы.
Жиын барысында елдің әлеуметтік-мәдени және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар мәдениет қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ие болды.
Өңір басшысы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директор орынбасары Нұрлан Дүкенбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалін, «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айгорим Мусагажиноваға және «TURKISTAN SILK WAY HARBOR» ЖШС-нің бөлім меңгерушісі Махсад Халметке «Шапағат» медалін, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әртісі Айжан Ахмухановаға табыстады. Сондай-ақ бір топ өнерпаз ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов пен «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев те мәдениет өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады.
Алдымен қонақтар арнайы жасақталған кітап көрмесін тамашалады. Мерекелік шарада мәдениет саласындағы жетістіктер туралы бейнефильм көпшілік назарына ұсынылды. Түркістан музыкалық драма театрының әртістері музыкалық-хореграфиялық қойылымды сахналады. Кеш барысында қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ғазизхан Шекербеков, «Сарын» тобы, «Фараб» би ансамблі, «Саялы Сарыағаш» ансамблі, «Жаңа леп» ұжымы және тағы басқа облыс таланттары өнер көрсетті.
Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысында 669 мәдениет және өнер мекемесі бар. Оның iшiнде 387 кiтапхана, 258 клуб мекемесі, 24 мәдениет және өнер мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетіп келеді. Түркістан қаласынан бөлек, облыстың басқа аймақтарында да мәдениет саласында оң өзгерістер байқалады. Өткен жылдың өзінде аудан, қалаларда 4 мәдениет үйі пайдалануға берілсе, биыл 7 мәдениет ошағының құрылысы жүргізіліп жатыр. Облыстық мәдениет мекемелері республикалық, халықаралық байқауларда өңір намысын қорғап, жүлдегерлер қатарынан көрінуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ІШКІ ЖОЛДАР ЖАҢАРТЫЛУДА

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ!» АТТЫ АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
Uncategorized

«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ!» АТТЫ АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

23 мая, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЗАУЫТТАР МЕН КӘСІПОРЫНДАР САЛЫНЫП ЖАТЫР
Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЗАУЫТТАР МЕН КӘСІПОРЫНДАР САЛЫНЫП ЖАТЫР

23 мая, 2025
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА 60 ЧЕМПИОН ҚАТЫСТЫ
Uncategorized

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА 60 ЧЕМПИОН ҚАТЫСТЫ

22 мая, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ
Uncategorized

ТҮРКІСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

22 мая, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАН: 7 АУДАННЫҢ ШАРУАЛАРЫ ОРДАБАСЫДА БАС ҚОСТЫ

23 мая, 2025

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

23 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

23 мая, 2025

Елімізде 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарда бар

23 мая, 2025

Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады

23 мая, 2025

СОҒЫЛДЫ, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

23 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

23 мая, 2025

«СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ»: АРЫСТА 1249 ОҚУШЫ МЕКТЕП БІТІРДІ

23 мая, 2025

ТҮРКІСТАНДА «CYBER QURYLTAI: ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ОАЗИСІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТУДЕ

23 мая, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

saqnews.kz
19 мая, 2025
0

Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады

16 августа, 2021
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz