Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ МЕКТЕП ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ МЕКТЕП ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
saqnews.kzsaqnews.kz
22 мая, 2025
in Uncategorized
0
0
SHARES
10
VIEWS
«Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «PsyTalks: Заманауи психологиялық қызметтің жаңа сын-қатерлері мен мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық конференция өтті.
Лекция мен практика форматында өткен алғашқы психологтар конференциясына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова мен мыңға жуық педагог-психолог қатысты.
Конференция барысында барлық қатысушылар жасанды интеллект көмегімен WEGLOBAL.AI платформасында ересектерге арналған мазасыздық, депрессия және стресс деңгейлерін анықтайтын DASS21 психологиялық тестдрайвтан өтті. Тестті 10 минут ішінде 581 адам тапсырып, сол мезгілде нәтиже сараптамасы қатысушыларға экран арқылы көрсетілді. Оның ішінде қатысушылардың қай ауданнан келгені, жынысы, көңіл-күйі, алған әсеріне сараптама жасалды.
Жиында балалардың зорлық-зомбылыққа, буллингке және кибербуллингке ұшыраған немесе оның куәгері болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтап, оларға тиісті көмек көрсету жұмыстарын жандандыру қажеттігі туралы айтылды. Бүгінгі басқосу – кәсіби психологтармен тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге, ортақ мәселелерге бірге жауап іздеуге үлкен мүмкіндік.
«Қазіргі таңда мектеп психологының рөлі бұрынғыдан да артып отыр. Оқушылардың психикалық саулығы, олардың оқуға, өмірге деген ынтасы, сынып ішіндегі қарым-қатынас, ата-анамен байланыс – осының бәрінде сіздердің кәсіби қолдауларыңыз қажет. Облыстық психологиялық қолдау орталығы – балаларға арналған психологиялық қолдау шараларын тиімді жүзеге асырып, олардың әлеуметтік жағдайларымен жеке мәселелеріне қатысты кешенді жұмысты жүргізуде. Орталықтың ашылуы өңірдегі балалардың психо-эмоционалдық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде. Бүгінгі кездесуде тың ойлар мен тәжірибелермен бөлісіп, бір-бірлеріңізге демеу болып, жаңа серпінмен жұмыла жұмыс істейсіздер деген сенімдемін», деді Бейсенбай Дәулетұлы.
Іс-шараның басты мақсаты – мектеп психологтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін бірыңғай кәсіби алаң қалыптастыру. Конференция жұмысына психология саласының отандық сарапшылары қатысып, қазіргі білім беру кеңістігіндегі психологиялық қызметтің өзекті мәселелері мен болашағы туралы баяндамалар жасады.
Келелі кездесуде қатысушылар тәжірибелік тренингтер арқылы практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. «Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Оразкүл Қолдасованың айтуынша, балалардың, ата-аналар мен педагогтардың психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған бірыңғай жүйелі қызметті қалыптастыру педагогтардың күн тәртібіндегі негізгі мәселесі.
Конференция – өңірдегі білім беру мекемелерінде қызмет ететін психолог мамандардың кәсіби дамуына, мектеп оқушыларына көрсетілетін психологиялық көмектің сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастама.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: «SHOW MATCH» ФУТБОЛ ОЙЫНЫНДА «TURKISTAN» КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ 6 АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Ұқсас жаңалықтар

Банктік деректеріңіз ұрланған жағдайда не істеу керек?
Uncategorized

Банктік деректеріңіз ұрланған жағдайда не істеу керек?

12 июня, 2025
Uncategorized

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін қаржылық қолжетімділікті арттыру жөніндегі ұсынымдар жобасы талқылануда

12 июня, 2025
Uncategorized

Кредиттермен жасалатын алаяқтық схемалар: өзіңізді алдауға қалайша жол бермеуге болады

12 июня, 2025
Шардараның рухани байлықтары – ұрпаққа үлгі, ұлтқа мұра
Uncategorized

Шардараның рухани байлықтары – ұрпаққа үлгі, ұлтқа мұра

5 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Түркістан облысында жанармайды жасырын тоннель арқылы өткізген қылмыстық топ әшкереленді

22 июля, 2025

ТҮРКІСТАН: «АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ» ҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН ОРЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

22 июля, 2025

ТҮРКІСТАН: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ҚАРСЫ РЕЙД ӨТТІ

22 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2025 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ӨЗІНДІК КІРІСТЕР КӨЛЕМІ АРТҚАН

21 июля, 2025

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР

17 июля, 2025

Биіктіктегі батырлар — өнеркәсіптік альпинистер

16 июля, 2025

80 ТОННАҒА ЖУЫҚ БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫН ӨСІРІП ОТЫР

14 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР 15 АУЫЛ ТҰРҒЫНЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

14 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТА ЭКОТУРИЗМ ЖАНДАНАДЫ: «ALTY KÖL» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

14 июля, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ 6 АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ 6 АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Биіктіктегі батырлар — өнеркәсіптік альпинистер

Биіктіктегі батырлар — өнеркәсіптік альпинистер

saqnews.kz
16 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz