Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 34 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ МЕКТЕП БІТІРЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 34 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ МЕКТЕП БІТІРЕДІ
saqnews.kzsaqnews.kz
16 мая, 2025
in Uncategorized
0
0
SHARES
4
VIEWS
✔️Бірнеше күннен кейін облыстағы 553 мыңнан астам оқушы үшін оқу жылы аяқталады. Биыл 11-сыныпты 33 884 оқушы бітіреді, оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлердің саны – 2313, 2400 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер. 25 мамыр жексенбіге тура келуіне орай, барлық мектептерде 23 мамыр күні Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шара өткізіліп, «Білімім – Отаныма!» атты сынып сағатымен аяқтайтын болады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен мәжілісте биылғы оқу жылының қорытындысы мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары баяндалды.
✔️Облыс әкімі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Демалыс орындарында санитарлық талаптардың қатаң сақталуы қажеттігіне мән берді. Бұл ретте жауапты басшыларға лагерьлердің сәйкестігін жіті тексеруді тапсырды. Құзырлы орган қызметкерлерінің бірлесе жұмыс атқаруын, дайындық жұмыстарының уақтылы әрі сапалы өткізілуін қатаң бақылауды жүктеді. Сондай-ақ су айдындарында, ормандар мен спорт нысандарында сақтық шаралары қатаң бақылауда болады.
✔️Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекованың баяндауынша, биыл Ұлттық біріңғай тестілеуге 27 386 мектеп бітірушісі қатысады. Облыс аумағында 5 тестілеу орталығы жұмыс жасауда. ҰБТ тапсыру мерзімдері 16 мамыр мен 10 шілде аралығында облыста бекітілген 4 тестілеу пункттерінде (Түркістан, Жетісай, Сарыағаш, Созақ аудандарында) өткізіледі. Тестілеуге қатыспайтын бітірушілерді колледждерге оқуға тарту бойынша профориентациялық жұмыстар жүргізілуде. Барлық колледждерде «Ашық есік» күндері өтіп жатыр.
✔️Жазғы демалыспен және сауықтыру шараларымен 439 мыңнан астам 1-10 сынып оқушыларының 93,5%-ы қамтылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жазғы лагерьлерде алдағы маусымға дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы облыс аумағында орналасқан 31 сауықтыру лагерлері өз есігін айқара ашады.
✔️Биыл бюджеттен 720 млн теңге бөлініп, 5 мемлекеттік лагерьге 52 модульді нысан салынып жатыр. Жатын жай, жуыну бөлмелері, асхана нысандары жеңіл конструкциямен құрастырылуда. Бассейн салынуда. Осылайша 7500-ден астам қосымша орын ашуға жағдай жасалады. Нәтижесінде мемлекеттік 10 лагерлерде 23 838 бала қамтылады. Бұдан бөлек, 5 мемлекеттік жазғы сауықтыру лагерлерінің ғимараттарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 608 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
✔️Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін жазғы демалыс шараларымен қамту үшін лагерьлерге тегін жолдамалар қарастырылады. Мемлекет тарапынан 2,1 млрд.тг.қаражат бөлінген. Бұдан бөлек, «Қазақстан Халқына» қоры есебінен 2 465 бала, республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына 420 бала, ата-ана есебінен 5000-ға жуық бала қамтылады. Жалпы 43 223 бала қала сыртындағы және өзге де лагерлерде демалады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында арнайы дайындықтан өткен 13 мыңнан астам педагог қызмет ететін болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

ШАРДАРАДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫҚТЫҚ ДӘСТҮРЛІ 62-ШІ ТУРНИРІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН КОРЕЯ ЕЛІ АРАСЫНДА ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСПЕК

Ұқсас жаңалықтар

АУДАН ӘКІМІ «ҚАСИЕТ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Uncategorized

АУДАН ӘКІМІ «ҚАСИЕТ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

19 мая, 2025
Uncategorized

19 мая, 2025
ШАРДАРА: ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫ ҰРПАҚҚА МҰРА
Uncategorized

ШАРДАРА: ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫ ҰРПАҚҚА МҰРА

19 мая, 2025
ШАРДАРА АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА
Uncategorized

ШАРДАРА АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

19 мая, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

АУДАН ӘКІМІ «ҚАСИЕТ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

19 мая, 2025

19 мая, 2025

ШАРДАРА: ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫ ҰРПАҚҚА МҰРА

19 мая, 2025

ШАРДАРА АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

19 мая, 2025

ШАРДАРА: АДАЛДЫҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

19 мая, 2025

ШАРДАРАДА СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӨТЕУГЕ АТТАНДЫ

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА КЕЗЕКТІ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

19 мая, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН КОРЕЯ ЕЛІ АРАСЫНДА ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСПЕК

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН КОРЕЯ ЕЛІ АРАСЫНДА ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСПЕК

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады

16 августа, 2021
0

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

saqnews.kz
13 мая, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz