6 қараша 2026, жұма ⛅ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Uncategorized

ТҮРКІСТАН: ЖОЛДЫ САПАСЫЗ САЛҒАН МЕРДІГЕРЛЕР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАДЫ

Түркістан облысында жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасы қатаң бақылауда тұр. Осы орайда, облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен кезекті штаб отырысы өтіп, күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Атап айтсақ, жол саласындағы мәселелер, облыс аумағындағы жолдардың сапасы, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Жиын барысында жол саласына жауапты мердігер мекемелер мен аудан, қала әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берілді. Өңірдегі кейбір жол нысандарында сапа талаптарының сақталмай жатқаны айтылып, қатаң ескерту жасалды. Сонымен қатар, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына мониторинг жұмыстарын күшейту жүктелді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары барлық мердігер ұйымдар мен тиісті мекемелерді жол сапасын қалпына келтіруді міндеттеп, уақыт берді.
– Жол құрылысына жауапты әр мекеме өз жұмысына немқұрайлы қарамауы тиіс. 1 маусымға дейін кемшіліктерді қалпына келтіріп, сапасыз жолдарды жөндеңіздер. Міндеттерді орындамаған жауаптыларға заң аясында тиісті шаралар қабылданады», – деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.
Түркістан облысының аудан, қалаларындағы жол сапасына мониторинг жасалып, талдау қорытындысымен жол жамылғысының сапасы бойынша бірқатар кемшілік анықталды. Жол сапасы сын көтермейтін аумақтарға жауаптылар қатарында 30-дан астам компания бар. Мониторинг анықтаған аумақтар ішінде Түлкібас, Сайрам, Отырар, Сауран, Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Ордабасы, Бәйдібек аудандары мен Түркістан, Кентау және Арыс қалаларындағы жолдар тіркелген.
Облыс әкімдігі жол инфрақұрылымының сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуді жалғастырады. Анықталған кемшіліктерді жою шаралары жіті бақылауға алынған. Жергілікті тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы жолмен қатынауын қамтамасыз ету – басты назарда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *