6 қараша 2026, жұма ⛅ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Uncategorized

ШАРДАРА АУДАНЫНДА МОБИЛЬДІ ТОП ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

2025 жылғы 14 мамырда Шардара ауданында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мобильді топтың қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті. Іс-шараға департаменттің аға тергеушісі Сағымбек Заманбек Кәрімұлы төрағалық етті.
Қоғамдық қабылдау Шардара аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ғимаратында және Жаушықұм ауылдық округі әкімдігінде өтті. Шара барысында тұрғындарға кәсіби құқықтық көмек көрсетіліп, азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына заң аясында жауаптар берілді.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Еркебулан Каратунов, аудан әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Шомпиев, «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет, қала әкімі Олжас Айдосов, Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Нұрсейтов, сот орындаушы Нұрлан Бәкіров, адвокат Төребек Қанжігітов және жергілікті тұрғындар қатысты.
Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды алаңдатқан мәселелер бойынша нақты әрі түсінікті ақпарат беру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жүзеге асыру.
Мұндай кездесулер халықпен тікелей қарым-қатынас орнатуға және олардың құқықтық мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *