Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА МЕЙІРБИКЕЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАНДА МЕЙІРБИКЕЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ
saqnews.kzsaqnews.kz
14 мая, 2025
in Uncategorized
0
0
SHARES
8
VIEWS
Мейіргерлер күніне орай, Түркістан қаласында «Мейіргер қызметін дамытудың инновациялары мен перспективалары» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, 19 өңірдің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары мен оқу орындарының ректорлары, ғалымдар мен халықаралық сарапшылар қатысуда. Форумда мейіргерлердің қалтқысыз қызметі мен олардың жұмысын жандандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар, мейірбикелердің рөлін және мәртебесін арттыру, кәсіби білім беруді дамыту, кадрларды даярлау мен біліктілікті арттырудың жаңа үлгілерін енгізу мәселелері талқылануда.
– Медицинаның сапасын көтеру, осы салаға қолдау көрсету – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтыр облыста 55 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қолға алынды. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек ғимараты пайдалануға берілді. 2023 жылы облыс 75 жедел жәрдем көлігімен қамтылды. Санавиация қызметі 15 жедел жәрдем көлігімен толықты. 2024 жылы медициналық ұйымдарға 8,8 млрд. теңгеге 574 дана заманауи құрал-жабдықтар сатып алынды. Бүгінгі форумда айтылған маңызды ұсыныстар, идеялар медицина саласының дамуына серпін береді деп сенемін. Демографиясы жоғары Түркістан өңірінде денсаулық сақтау саласын дамытудың маңызы өте зор. Біз ұсыныстарға ашықпыз және халықтың денсаулығын жақсарту бағытындағы ұсыныстарды қолдаймыз. Халықаралық мейіргерлер күнімен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін! – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.
Форумның ашылуында сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мейірбике қызметін дамытудың денсаулық сақтау саласындағы ұлттық басымдықтар тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.
— Бүгінде елімізде 190 мыңнан астам орта медициналық қызметкер бар, бұл — барлық медицина қызметкерлерінің 60 пайызын құрайды. Соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесінде мейірбикелердің рөлі айтарлықтай артты. Функционалдығын кеңейтіп, өкілеттіктер берудің арқасында мейірбикелер медициналық көмекті көрсетудің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл дәрігерлердің жүктемесін азайтып, пациенттерді тиімді бағыттауға, сондай-ақ медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді, — деді министр.
Форум аясында сондай-ақ Астана медицина университетінің базасында Республикалық жоғары мейірбике мектебін ашу мүмкіндігі талқылануда. Мұнда «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша бакалавриаттан докторантураға дейінгі толыққанды білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Айта кетейік, қазіргі таңда мейірбикелердің 20 пайызы бакалавр дәрежесіне ие. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті үш есеге арттыру жоспарланып отыр.
Түркістан өңірінде медицина саласын дамуға күш салынған. Облыста 55 денсаулық сақтау нысаныны салынып жатыр. 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек ғимараты пайдалануға берілді. Бүгінде Түркістан облысында 19 мыңнан астам мейірбике халыққа қызмет етіп жүр. Мамандардың біліктілігін көтеру бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. 2023 жылы екі мейіргер Финляндияда оқыса, 2024 жылы 234 мейірбике Астана қаласында біліктілігін арттырды. Олар шетелдік озық тәжірибені жергілікті медицинада қолдануға мүмкіндік алды. Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында 1532 орта буын қызметкері еңбек етеді. Олар – әр күн сайын адам өмірінің ең шешуші сәттерінде жедел әрекет етіп, көмек көрсетеді. Бүгінде өңірде кеңейтілген практика енгізіліп, 155 мейіргер өздігінен қабылдау жүргізе алады. Бұл — дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, науқасқа көрсетілетін көмекті жеделдетті.
Өңірдегі денсаулық ұйымдарында жалпы 24 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Мамандар тапшылығын шешу үшін Түркістан облысы әкімдігі 5 жылдық жоспар бекіткен. Резидентураға 639 грант бөлу қарастырылып отыр. 2023 жылдан бері 176 грант бөлінді.
Денсаулық сақтау саласында білікті кадрларды даярлау өзектілігі арта түсуде. Осы тұрғыда, медициналық колледждердің рөлі ерекше. Түркістан облысында екі мемлекеттік, Түркістан және Жетісай жоғары медициналық колледждері жұмыс істейді. Онда 3 мыңнан астам студент білім алуда. Бұл оқу орындары халықаралық стандарттарға сай аккредиттелген, мемлекеттік аттестациядан сәтті өткен. Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші де жоғары. Бұл — түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді.
Оқу орындары қала мен облыс бойынша 56 медициналық мекемемен келісім жасаған. Оқу базаларында симуляциялық тренинг, клиникалық сабақ өткізіліп, менторлық жүйе енгізілген. Сонымен қатар колледждерде «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушерлік іс» мамандықтары бойынша қосымша білім беру бөлімдері жұмыс істейді. Оқытуға практикалық дәрігерлер де қатысады.
Айта кетейік, бүгінде кеңейтілген практика мейіргерлері өз бетінше
• пациенттерді бастапқы қабылдау және динамикалық бақылау;
• медициналық құжаттар мен электрондық жазбаларды жүргізу;
• дәрігердің тағайындауы бойынша ақпараттық жүйелер арқылы тегін рецепт жазу;
• пациенттер ағынын реттеу және сұрыптау, қабылдауға жазу;
• активтерді тіркеу және тұрғындарды МСАК ұйымдарына тіркеу қызметтерін атқарады.
Іс-шара аясында марапаттау рәсімі өтті. Кәсібіне адалдығы мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін үздік қызметкерлер «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Кәсіби мерекеге байланысты Түркістан қаласында ұйымдастырылып отырған «Мейіргер қызметінің инновациялары мен даму перспективалары» атты халықаралық форум 14-16 мамыр күндері жалғасады.
Еске сала кетейік, 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланған. Осы орайда мейірбике ісі мамандарының мәртебесін арттыру мен дамыту — бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық қадам болып саналады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРІКМЕНСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ұқсас жаңалықтар

ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНЫП, САЙЛАУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУДА
Uncategorized

ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНЫП, САЙЛАУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУДА

26 октября, 2025
Түркістан қаласында сайлау үдерісі жалғасуда
Uncategorized

Түркістан қаласында сайлау үдерісі жалғасуда

26 октября, 2025
АУЫЛ БИІ ХАЛЫҚТЫ БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ
Uncategorized

АУЫЛ БИІ ХАЛЫҚТЫ БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

26 октября, 2025
САЙЛАУҒА АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКПЕН!
Uncategorized

САЙЛАУҒА АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКПЕН!

26 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРІКМЕНСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРІКМЕНСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz