Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірдегі шіркейге қарсы дезинсекция шаралары күшейтілді. Қазіргі уақытта кешенді жұмыстар өңірдегі Түркістан, Арыс қалалары және Шардара, Сауран, Отырар аудандарында үздіксіз жүргізілуде.
Арнайы мамандар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай, қауіпсіз әрі тиімді дәрілерді қолданып, су айдындары мен шіркейлер шоғырланған аумақтарды өңдеуде.
Барьерлік химиялық өңдеу 22 сәуірден басталды. Қажетті өңдеу аумақтары 52 елді мекенді қамтитын 15 секторға бөлінген. Бұл жұмыстарға бүрку қондырғылары орнатылған толық жетекті 38 жеңіл автокөлік техникасы, 23 қолдық арқа бүріккіш, 4 термогенератор, дрондар және арнайы мамандар жұмылдырылған. Жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.
Мамандар дәрілеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Экс-депутат Нұртөре Жүсіп қазақ қоғамындағы амандасу мәдениетін қатаң сынға алды. Оның айтуынша, әйел адамды құшақтап амандасу қазақтың дәстүрінде болмаған. Сондай-ақ…
Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» фестивалі өтті Республикалық оқиғалар мен іс-шаралар күнтізбесіне Жетісу облысы тарапынан енгізілген «Алакөл толқыны» мәдени-туристік фестивалі Жетісу…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Жұмағалиұлымен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол…