Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Uncategorized

ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
6 мая, 2025
in Uncategorized
0
0
SHARES
16
VIEWS
✔️Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, шегіртке зиянкесіне қарсы жүргізіліп жатқан күрес барысын бақылады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бұл мәселе қатаң бақылауда екенін айтып, тиісті жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.
✔️Министр Арыс қаласы, Қожатоғай ауылына барып, арнайы штаб мүшелерімен бірге Арыс өңірінде шегірткеге қарсы жүргізіліп жатқан қорғау шараларымен танысты. Өңделген аумақтарды аралап, жауапты мердігерлер мен ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшылығымен кездесті.
📌– Препараттар жеткілікті, техника, соның ішінде дрондар бар. Бақылауды күшейтіңіздер. Барлық өңдеу жұмыстары сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс. Шегіртке қанаттанып үлгермеуі керек, – деді Айдарбек Сапаров.
✔️Болжамға сәйкес, 2025 жылы Түркістан облысында үйірлі шегірткелердің таралуы 372 мың гектар аумақты қамтуы мүмкін. Ауыл шаруашылығына келетін залалды болдырмау мақсатында өңірде химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда 352,4 мың гектар жер өңделді.
✔️3 сәуірден бастап Арыс қаласында орналасқан бас штабта жұмыстар күнделікті үйлестірілуде. Шегіртке зиянкесі қоныстанған 9 аудандағы жайылым жер алқаптарының 15 мың гектардан бөлінген картасы әзірленіп, жалпы 65 аумақта жұмысшы топ жасақталды.
✔️Алғашқы анықталған дернәсіл сатысында химиялық өңдеу жүргізілді. Дернәсіл сатысында аспалы бүріккішпен өңдеудің тиімділігі анықталып, жоспарланған 475 бүріккішке қосымша 434 дана бүріккіш алынып, жалпы 909 аспалы бүріккішпен (Арыс – 420, Сарыағаш – 205, Келес – 230, Шардара – 44, Ордабасы – 10) жұмыстар жүргізілуде. Шегірткенің 2-3 жас кезеңінде химиялық өңдеуге «Тиаметрин» және «Каратэ» сұйық препараттары қолданылса, 4 жас кезеңінен бастап «Ацет 200» ұнтақ түріндегі препарат жұмсалуда. Науқанға 2730 адам қатысуда, оның 1590-ы – анықтаушы. Алқаптар 273 жер үсті бүрку техникаларымен, 54,2 мың гектар әуе арқылы 4 «АН-2» ұшағымен және көлік бара алмайтын аймақтар 7 дронмен өңделді. Үздіксіз жұмыс істеу 48 су таситын автокөлік қызмет етуде. Бұдан бөлек, 50 мың га аумақ (Арыс – 32 мың га, Сарыағаш – 18 мың га) Ақмола облысының «Агро Люкс» ЖШС-нің 3 газогенераторымен өңделді.
✔️Жоспарларған аумақ өңделіп, ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуы мен зиянкестердің басқа өңірлерге таралуына тосқауыл қойылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

Арамыздағы қаһармандар: шабыт беретін құтқарушылардың әңгімелері

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ МОДУЛЬДІ ЛАГЕРЬ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ, АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА
Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ, АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

1 августа, 2025
Банктік деректеріңіз ұрланған жағдайда не істеу керек?
Uncategorized

Банктік деректеріңіз ұрланған жағдайда не істеу керек?

12 июня, 2025
Uncategorized

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін қаржылық қолжетімділікті арттыру жөніндегі ұсынымдар жобасы талқылануда

12 июня, 2025
Uncategorized

Кредиттермен жасалатын алаяқтық схемалар: өзіңізді алдауға қалайша жол бермеуге болады

12 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ МОДУЛЬДІ ЛАГЕРЬ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ МОДУЛЬДІ ЛАГЕРЬ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz