6 қараша 2026, жұма ⛅ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Uncategorized

САЙРАМДАҒЫ ЗАМАНАУИ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНДЕ ЖЫЛЫНА 6 МЫҢ ТОННАҒА ДЕЙІН ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ

Сайрам ауданында жалпы аумағы 11 гектарды алып жатқан “Eco Invest CO” ЖШС-ң заманауи жылыжай кешені жұмыс істеп тұр. Кешенде қызанақ пен қияр ешқандай химиялық қоспаларсыз өсіріледі. Жылыжайда ауа температурасы +25°C, ал ылғалдылық 80% деңгейінде. Онда қызанақтар 250 грамм салмаққа жеткенде ғана жиналады. Жалпы шаруашылықта жылына 6 мың тоннаға дейін өнім жиналады.
Жылыжайдың бас агрономы Нұрболат Жандарұлының сөзінше, кешенде 200-ге жуық маман еңбек етеді. Жылыжай өнімі Ресейге экспортталып, белгілі бір бөлігі Қазақстанның ішкі нарығына жөнелтіледі. Өнім бағасы нарыққа қарай өзгеріп тұрады, дегенмен ең арзан өнімдер осында. Бұл жылыжай кешені аймақтың аграрлық әлеуетін арттырып, экологиялық таза өніммен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *