4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Шымкентте күйік шалған балалар саны артқан

Шымкентте күйік шалған, түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға түскен науқас балалар саны көбейген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылы қалалық клиникалық балалар ауруханасына дене жарақатын алған 14 987 бала қаралса, биыл 23 576 бала медициналық көмекке жүгінген. Ал күйік шалған балалар саны өткен жылмен салыстырғанда 200-ге артық.

Аталған аурухананың бөлім меңгерушісі Болат Нұсқабаевтың сөзінше, жалпы биыл жеткіншектер арасында барлық жарақат түрі жиілеген.

«Оның бір себебі карантинге байланысты деп ойлаймыз. Мәселен, былтыр балалардың мектептегі уақытында алған жарақаты 605 болса, биыл жыл басынан бері 1993 бала білім ошағында жүріп, ауруханаға түсті», – деді дәрігер.

Мамандардың айтуынша, 6 айдан 3 жасқа дейін балалардың басым бөлігі ыстық суға күйіп қалады, ал одан ересектеу балалардың ойнап жүріп отқа күйіп қалатын жағдайлары көптеп кездеседі.

Ақ халаттылар оқыс оқиғаға тап болған кезде өздігінен ем қабылдамай, бірден медицина мамандарына жүгіну керек екенін ескертеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *