6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Баға

Қант бір жылда 87 пайызға қымбаттады

2022 жылдың қаңтар–маусым айларында елімізде 149,1 мың тонна қант өндірілді. Бұл былтырғыдан 9 пайызға көп, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат тілшісі.

Energyprom.kz порталының мәліметінше, өндірістің ең үлкен көлемі дәстүрлі түрде Жамбыл облысына тиесілі. Өңір 96 мың тонна қант шығарып, өндіріс көлемін, өткен жылға қарағанда 16,4 пайызға ұлғайтқан. Облыстың республикадағы үлесі былтырғы 60,3 пайыздан 64,3 пайызға өсті.

Осы жылдың қаңтар–мамыр айларының қорытындысында жергілікті компаниялар қантқа сұранысты қанағаттандыруды (ішкі нарықтағы сатуды және экспортты) бір жыл бұрынғы 48 пайыздан 57,1 пайызға дейін жеткізді. Импорт үлесі 52 пайыздан 42,9 пайызға дейін төмендеді. Елге 63,5 мың тонна қант әкелінді. Көрсеткіш өткен жылғыдан 38,9 пайызға аз. Ішкі нарықтағы сату көлемі 25,6 пайызға, яғни 147,7 мың тоннаға дейін төмендеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *