6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Баға

Түркістанда қант бағасы арзандаған

Ірі сауда орындары мен базарлардағы әлеуметтік азық-түлік өнімдері біршама төмендеген, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ.

Бұл туралы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының жанынан құрылған арнайы жұмысшы топтың жүргізген мониторингі барысында анықталды. Облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева, партияның Түркістан қаласы филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев бастаған жұмысшы топ шаһардағы «Алтын Бұлақ» базарындағы азық-түлік сататын нүктелерді аралады.

Мәселен, осыдан екі апта бұрын 635-750 теңге аралығында саудаланған қанттың бағасы қазір 540-550 теңге. Көкөніс бағасына айтарлықтай өзгеріс енбеген. Жұмысшы топ жүргізген сараптамаға сәйкес картоп 150-200 теңге аралығында болса, сәбіз 180-200 теңге көлемінде саудалануда. Ал пияз бағасы 120-150 теңге аралығында. Түркістан облыстық мәслихат депутаты Қ.Жантөрееваның айтуынша алдағы апталарда жеке дүкендерді де аралау жоспарлануып отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *