Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Uncategorized

Маңғыстауда туристер үшін алғашқы визит-орталық ашылды

Маңғыстауда туристер үшін алғашқы визит-орталық ашылды
8 августа, 2022
in Uncategorized
0
0
SHARES
13
VIEWS

5 тамыз күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Түпқараған ауданына барып, жаңадан ашылған «Сартас» визит-орталығының жұмысымен танысты,деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы алдымен аудан аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштер — «Кенті баба» қорымы, «Шақпақ ата», «Сұлтан Үпі» жер асты мешіттеріне зиярат етті. Одан соң Маңғыстауда туризмді дамыту мақсатында бой көтерген «Сартас» визит-орталығына барып, жұмысымен танысты.

«Сартас» визит-орталығы Каспий теңізінің Түпқараған ауданына тиесілі жағалауында, Таушық ауылынан 32 шақырым қашықтықта орналасқан.

Нұрлан Ноғаев өз кезегінде орталықтың ашылуымен құттықтап, ауданда туризмнің дамуына сәттілік тіледі.

Туризмнің өңір экономикасын дамытуда маңызы зор. Біз осы бағытта жұмыс істейтін жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға әрқашан дайынбыз. Қазіргі уақытта шетелдік туристер Маңғыстаудың киелі және табиғи көрікті жерлеріне қызығушылық танытуда. Түпқараған ауданында көптеген тарихи орындар бар. «Сартас» визит-орталығының осы ауданға келетін туристердің аялдайтын және демалатын орны ретінде болашағы зор, — деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Маңғыстау жерінде танымал «Жығылған», «Саура», «Тамшалы» т.б табиғаты ерекше жерлерге бет алған туристер «Сартас» визит-орталығына аялдап, тынығуға мүмкіндігі бар. Жаңа нысан күніне 100 адамды қабылдауға қауқарлы.

Бұл — Маңғыстау жерінде ашылған алғашқы сапар-орталық. Осындай сапар орталығы арқылы жергілікті туризм де қарқынды дамиды. Ағымдағы жылы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» еліміз бойынша туризмді дамыту үшін 20 жобаны жүзеге асыруда. Солардың бірі «Сартас» визит-орталығында ұйымдастырылады. Біздің мақсатымыз-орталыққа көптеген туристерді тарту, — деді «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ төрағасы Талғат Аманбаев.

Айта кету керек, визит-орталықты жергілікті кәсіпкер Ербол Байжігітов өз қаражатына салған. Жоба құны — 248 млн теңге.

Бүгінгі таңда Маңғыстаудың табиғатын тамашалуға келетін туристердің саны күн санап артып келеді. Осы көрсеткіш визит-орталық салуға себеп болды. Түпқараған ауданында табиғаты ерекше, көпшілікке танымал тарихи жерлер бар. Осы жерлерге де келушілердің саны да жыл сайын артуда. Сондықтан визит-орталық аталған жерлерге сапарлап шыққан туристердің тұрақтап, демалатын орнына айналады. Жобаның ерекшелігі, ауданның табиғаты ерекше тарихи және мәдени жерлерінің орталығында орналасқан, — деді «Сартас» визит-орталығының негізін қалаушы Ербол Байжігітов.

Алдыңғы жаңалық

Республикалық маңызы бар күре жолдың бойында киіз үй орнатылды

Келесі жаңалық

Тағы бір қаржы пирамидасы адамдарды алдаған

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ, АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА
Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ, АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

1 августа, 2025
Банктік деректеріңіз ұрланған жағдайда не істеу керек?
Uncategorized

Банктік деректеріңіз ұрланған жағдайда не істеу керек?

12 июня, 2025
Uncategorized

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін қаржылық қолжетімділікті арттыру жөніндегі ұсынымдар жобасы талқылануда

12 июня, 2025
Uncategorized

Кредиттермен жасалатын алаяқтық схемалар: өзіңізді алдауға қалайша жол бермеуге болады

12 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
Тағы бір қаржы пирамидасы адамдарды алдаған

Тағы бір қаржы пирамидасы адамдарды алдаған

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz