5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Баға

Темекі өнімдері қымбаттайды

Алдағы үш жылда темекі өнімдерінің бағасы көтеріледі
2023 жылдан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкалары көтеріледі, деп хабарлайды turkistanzaman  BAQ.KZ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
2022 жылғы 11 шілдедегі №135-VII заңмен Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес темекі өнімдеріне акциз ставкалары кезең-кезеңімен көтеріледі.
Ставкалар 2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілген. Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының 1) тармақшасындағы кестенің 14, 15, 16, 18, 21 және 22-жолдарына өзгерістер енгізілді, – деп жазылған хабарламада.
Фильтрі бар сигареттер:
• 2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;
• 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;
• 2025 жылы – 15 900 теңге /1000 дана.
Сондай-ақ сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген.
Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгертіп, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70% деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды:
• 2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;
• 2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;
• 2025 жылы – 11 130 теңге /1000 дана.
Сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» заңның 43-бабына өзгерістер енгізілді.
Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка төмендегі деңгейде өседі:
• 2023 жылы – 53 теңге/сұйықтық миллилитріне;
• 2024 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне;
• 2025 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *