5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Uncategorized

Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

4 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғады, деп хабарлайды turkistanzaman  ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 4 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күн күркірегенде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысында 35 градус аптап ыстық болуы ықтимал. Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында күн күркіреп, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ұлытау облысының орталығында және оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жезқазған қаласында таңертең және күндіз күн күркірейді. Жел шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні – 15 м/с. Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде және шығысында күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с-қа жетеді. Қарағанды қаласында кей уақытта найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні –18 м/с. Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Талдықорған қаласында найзағай ойнайды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *