5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +10°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Денсаулық

Вакцина алған ел тұрғындарының 65% ревакцинациядан өтеді

Бұрын вакцина алған ел тұрғындарының 65%-ы ревакцинациядан өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ажар Ғиният мәлімдеді.
Барлық құқықтар қорғалған.

Мамыр айының соңынан бастап біз қайта ревакцинациялауды енгіздік. Бүгінгі күні халықтың 44%-ы, 260 мың адам қамтылды. Республика бойынша КВИ-ға қарсы бірінші ревакцинациямен егілуге тиісті халықтың 67,5%-дан астамын құрады. 4,9 млн адам қамтылды, тәулігіне 10 мыңнан астам адам егіледі. Инфекцияның ауыр түрлерінің және ауруханаға жатқызудың алдын алудың шарасы – бұл КВИ-ге қарсы вакцинация, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, вирус жұқтырғандардың басым бөлігі – екпе алмағандар.

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында біз ауырған адамдардың 80%-ы егілмеген адамдар немесе 6 ай бұрын егілген адамдар екенін байқадық. Бұл тағы да КВИ-ға қарсы вакцинацияның қажет екенінің дәлелі. Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты вакцинациялау үшін вакцинаның 3 түрі: КазВак, Синофарм, Пфайзер қолжетімді, қайта вакцинациялау және ревакцинациялау үшін – Казвак және Синофарм вакцинасы қолжетімді. Егу пункттерінде вакцинаның 1,6 миллион дозасы қалдығы бар. Ұжымдық иммунитет пен тұрақты эпидемиологиялық жағдайды ұстап тұру үшін бұған дейін коронавирусқа қарсы вакцина алған тұрғындардың 65%-ы ревакцинацияланады, – деді Ажар Ғиният.

Белгілі болғандай, қазіргі таңда ересек тұрғындардың 80%-дан астамы немесе еліміздің барлық халқының 56%-дан астамы КВИ-ға қарсы вакцинация алған. Атап айтқанда, бірінші компонентпен 10,7 млн адам, екінші компонентпен – 10,4 млн адам қамтылған.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *