4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

5-сынып оқушысы терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан

5 сынып оқушысы Павлодар облысы соттарының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберген.

Бұл туралы ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дархан Разуев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, Интернет арқылы «бомба туралы» электронды жалған хабарлама таратқаны үшін Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмаған тұрғынын анықтады. Ақмола облысында кәмелетке толмаған бесінші сынып оқушысы ұсталды. Ол Павлодар облысының соттары ғимаратына жарылғыш заттар қойылғанын электронық пошта арқылы хабарлаған. Қазіргі уақытта аталған істер бойынша тергеу жалғасуда», – деді ол министрлік баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның дерегінше, Қостанай облысында еліміздің бірқатар өңіріндегі әртүрлі нысанға 11 жарылғыш зат қойылғаны туралы Интернет арқылы хабарлама таратқаны үшін жас жігіт 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды.

«Жалпы, осы жылғы 8 айда сотқа 14 қылмыстық іс жолданды. 13 адамға сот үкімі шықты. Олардың жетеуі бас бостандығынан айыру, төрт адам бас бостандығын шектеу жазаларына тартылды. Бір азаматқа қатысты мәжбүрлі медициналық іс-шара қыбылданды», – деді Дархан Разуев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *