4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Экономика

34 млрд 206 млн теңге инвестиция тартылды

Созақ ауданында ағымдағы жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 285 млрд 972 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,9 пайызға өскен. Сондай-ақ, аудан экономикасына 9 айда 34 млрд 206 млн теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы брифингте Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов мәлімдеді. 

Сондай-ақ, ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 9 айда 12 млрд 545 млн 500 мың теңгеге жеткен.

«Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 292,4 млн теңге инвестиция тартылды. Аудан бойынша биылғы жылы 13 280 гектар алқапқа егіс егілді. Оның ішінде: 350 гектар – бидай, 1 230 гектар – арпа, 1 202 гектар – мақсары, 897 гектар – жүгері, 518 гектар – картоп, 506 гектар – көкөніс, 508 гектар – бақша, 8 069 гектар – мал азығы дақылдары. Сонымен қатар, Шолаққорған, Созақ, Сызған ауыл округтерінің агроқрылымдары 186 гектар алқапқа жаңбырлатып суару жүйесін орнатты», – деді Салыхан Сабырұлы.

2021 жылдың 9 айында жайылымдарды сумен қамту мақсатында 74 құдық қазылып, оларға 847 млн 640 мың 500 теңге субсидия төленген.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *