4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

167 бас мал ұрланған қылмыстық топ ұсталды

Полиция қызметкерлері 167 бас мал ұрлаған қылмыстық топты ұстады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұйымдасқан топ бес адамнан құралған. Оларды Семейде ұрланған 40 бас жылқыны айдап бара жатқан жерінде қолға түсірген. Арнайы операцияға Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті мен Павлодар облысының полиция департаментінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ ұсталғандар Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында алты мал ұрлығын жасады деген күдікке ілінген. Тінту кезінде ұрланған тағы 67 жылқы, бір автокөлік және екі мотоцикл табылды. Нәтижесінде қылмыстық топқа қатысты Қылмыстық кодекстің 262-бабы, «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты қатысу» бойынша қосымша қалмыстық істер қозғалып, мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралып отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *