Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қоғам

12 баланы асырап алған Ержановтар шаңырағы

12 баланы асырап алған Ержановтар шаңырағы
31 августа, 2022
in Қоғам
0
0
SHARES
34
VIEWS

Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» орталығында «Мерейлі отбасы — 2022» ұлттық байқауының Жамбыл облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Биыл отбасы тағылымын насихаттайтын байқаудың аудандық және қалалық кезеңдері 15 мамыр мен 15 маусым аралығында ұйымдастырылды. Нәтижесінде, аталған кезеңдерге барлығы 247 шаңырақ атсалысуға өтінім берді. Аудандық және қалалық комиссиялардың шешімдерімен облыстық кезеңге 22 отбасы жолдама алған болатын.

Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, биылғы 8 шілдеде аймақтық комиссияның отырысы ұйымдастырылып, отбасылық бәсекенің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Салтанатты басқосу барысында жеңімпаздар мен жүлдегер отбасыларға Алғыс хаттар мен арнайы сертификаттар табысталды.

Байқаудың бас жүлдесін Тараз қаласынан додаға қосылған Ержановтар отбасы иеленді. Олар 1988-1989 жылдар аралығында отбасылық үлгідегі «Ержановтар» жанұясын ашып, өздерінің 7 баласымен бірге, 12 баланы (7-еуі ұл, 5-еуі қыз) өздерінің қамқорлықтарына алған. Қазіргі таңда Ержановтар жанұясының отбасылық үлгісіндегі балалар үйі жабылып қалса да (балалардың кәмелеттік жасқа толуына байланысты), тәрбиелеріне алған 2 ұл мен 1 қыз әлі де Ержановтар отбасымен бір шаңырақтың асытнда тұрып жатыр. Сонымен қатар, ата-анасынан үлгі алып, жолын қуған ұлы Артур Ержанов өзінің 7 бірдей ұл-қызынан бөлек, қамқорлығына 7 баланы (4-еуі ұл, 3-еуі қыз) алып отыр. Бұл отбасы осы жылдың аяғына дейін тағы 6 баланы асырап алуды жоспарлауда.

Ал бірінші орынды 9 ұл 6 қыз өмірге әкеліп, 36 немересінен 40 шөбере сүйіп отырған Байзақ ауданынан Мамырбаевтар отбасы еншіледі. Бұл шаңырақтың ірге қалағанына 65 жыл толған екен. Отбасы мүшелерінің түгелі дерлік отағасы С.Мамырбаевтың жолын жалғап, ұрпақ тәрбиесіне атсалысып жатыр, яғни білім беру саласында еңбек етіп жүр.

Алдыңғы жаңалық

Доллардың 31 тамыздағы ресми бағамы белгіленді

Келесі жаңалық

Жолдау тікелей эфирден көрсетіледі

Ұқсас жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры
Басты жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры

5 сентября, 2025
Бірлік – Қазақстанның басты байлығы
Басты жаңалықтар

Бірлік – Қазақстанның басты байлығы

4 сентября, 2025
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

1 сентября, 2025
Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі
Басты жаңалықтар

Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі

29 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
Жолдау тікелей эфирден көрсетіледі

Жолдау тікелей эфирден көрсетіледі

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz