Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Uncategorized

1 МАМЫРДАН БАСТАП МОБИЛДІК БРИГАДАЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ ӨЗГЕРУДЕ: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БАРЛЫҒЫНА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛЫП ҚАЛАДЫ

1 МАМЫРДАН БАСТАП МОБИЛДІК БРИГАДАЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ ӨЗГЕРУДЕ: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БАРЛЫҒЫНА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛЫП ҚАЛАДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
22 апреля, 2025
in Uncategorized
0
0
SHARES
7
VIEWS
Жедел жәрдемнің келуін ұзақ күту бойынша шағымдарға байланысты және шұғыл қызмет жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі емханалар жанындағы жеделділіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсететін мобилдік бригадалар жұмысының қағидаларына өзгерістер енгізеді.
Бұл өзгерістер ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді және азаматтардың 103 нөмірі бойынша шұғыл көмекке шақырту құқығын шектемейді.
Жеделділіктің 4-санатындағы шақыртулар пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп жоқ, пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін, бірақ медициналық араласуды қажет ететін жағдайларға қатысты.
✅Сонымен, 1 мамырдан бастап не өзгереді:
● емханалардың жанындағы мобилдік бригадалар жұмыс уақытында — 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады;
● өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар (мысалы, жоғары қысым, температура, жеңіл жарақаттар) емханалардың жұмыс уақытында МСАК мобилдік бригадаларына қайта бағытталатын болады;
● 20: 00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуларға, соның ішінде 4-санатқа, бұрынғыдай, жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.
Статистика көрсеткендей, жедел жәрдем шақыртуларының 50%-дан астамы жеделділіктің 4-санатына жатады және созылмалы аурулардың өршуіне байланысты.
➡️Мұндай шақыртулар ресурстардың жедел көмекке мұқтаж, өміріне қауіп төндіретін жағдайлары бар пациенттерге бара алмай қалатынын мойындау керек. Өзгерістер жүктемені оңтайландыруға, күту уақытын қысқартуға және бүкіл ЖМЖ жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Енді медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мобилдік бригадалары шақыртуларға шығып, пациенттердің үйіне жоспарлы түрде баруды жүзеге асыратын болады. Бұл азаматтардың денсаулық жағдайын уақтылы бақылауды қамтамасыз етуге, әсіресе созылмалы аурулары бар пациенттердің жағдайының нашарлауына жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
➡️МСАК мобилдік бригадалары 25 мың тұрғынға бір бригада есебінен құрылады. Олар пациенттің тұрғылықты жері немесе бекітілуіне қарамастан нақты келген жері бойынша жұмыс істейді.
Қажет болған жағдайда мобилдік бригадалармен арнайы бағыттағы мамандар да бірге болады, атап айтқанда балаларға көмек педиатрдың қатысуымен, ересектерге — пациент жағдайының сипаты мен ауырлығына байланысты арнайы мамандарды (кардиологтар, невропатологтар және басқа дәрігерлер) тарта отырып көрсетілетін болады. Бұл тәсіл жоғары сапалы атаулы медициналық көмек көрсетеді.
▪️Жедел жәрдемді шақырту механизмі өзгеріссіз қалады — 103 нөмірін теру арқылы азаматтар тәуліктің кез келген уақытында шұғыл медициналық көмекке қоңырау шала алады. Пациенттің жағдайы өмірге тікелей қауіп төндіретін жағдайларда жедел жәрдем бригадасы аптаның күні мен тәулік уақытына қарамастан келеді.
✅МСАК мобилдік бригадасының шақыртуға келу уақыты — 60 минутқа дейін. Барынша шұғыл санаттар үшін мынадай нормативтер: 10 минут — бірінші, 15 минут — екінші және 30 минут — үшінші санаттағы шақыртулар үшін көзделген.
Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жедел жәрдем қызметі 2, 1 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсетті. Ең көп өтініштер жеделділіктің 4-санаты бойынша тіркелді-763 463 шақырту, оның 518 мыңнан астамына МСАК мобилдік бригадалары қызмет көрсетті. 1-санат бойынша шақыртулардың саны 104 443, 2-санат бойынша — 642 312, 3-санат бойынша — 574 580 шақыртуды құрады.
Есепті кезеңде сәтті реанимация көрсеткіші 55,6%-ға дейін өсті, бұл шұғыл көмек көрсету ретіндегі оң динамиканы көрсетеді.
▪️ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл көмекке мұқтаж әрбір адам үшін жедел медициналық көмекке шақырту қолжетімді болып қалатынын атап өтті. Өзгерістер жүйенің тиімділігін арттыруға, күту уақытын қысқартуға және барлық деңгейлерде медициналық көмекті жақсартуға бағытталған.
Алдыңғы жаңалық

Замакима Шымкента Руслан Берденов госпитализирован после вооруженного нападения

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР КОРОТКОВ ТУРНИРІНДЕ ТОП ЖАРДЫ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ, АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА
Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ, АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

1 августа, 2025
Банктік деректеріңіз ұрланған жағдайда не істеу керек?
Uncategorized

Банктік деректеріңіз ұрланған жағдайда не істеу керек?

12 июня, 2025
Uncategorized

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін қаржылық қолжетімділікті арттыру жөніндегі ұсынымдар жобасы талқылануда

12 июня, 2025
Uncategorized

Кредиттермен жасалатын алаяқтық схемалар: өзіңізді алдауға қалайша жол бермеуге болады

12 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР КОРОТКОВ ТУРНИРІНДЕ ТОП ЖАРДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР КОРОТКОВ ТУРНИРІНДЕ ТОП ЖАРДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz