4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Uncategorized

Шәмші Қалдаяқовқа бюст орнатылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Арыс қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстанның Халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіш-бюсті салтанатты түрде ашылды. Сондай-ақ, өскелең ұрпаққа сазгерді насихаттау мақсатында бюст жанынан «Шәмші бұрышы» орналастырылды.

Салтанатты іс-шараға қала тұрғындарымен қатар, Алматыдан келген бір топ зиялы қауым өкілі қатысты. Жиында сөз сөйлеген қала әкімі Гүлжан Құрманбекова арыстықтардың ерекше ықыласына бөленген ұлы композитор туралы ақжарма тілегін жеткізді.

Шара соңы қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты. Айта кетерлігі, ескерткіш-бюст авторы – Арыс қаласының тумасы, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев өнер туындысын қаланың 65 жылдық мерейтойына орай сыйға тартты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *